Cталиннің қанішер саясатының салдары бізді әлі титықтатып келеді...

Cталиннің қанішер саясатының салдары бізді әлі титықтатып келеді...

Бүгін Сталин деген адамзат тарихындағы бас қасапшының туған күні деп Ресейде орыстар, Қазақстанда homosovieticusтар тойлап жатыр. Осыдан 140 жыл бұрын, 21-желтоқсанда өмірге келген дейді олар. Ресми дерек солай болғанмен, бейресми белгісіз. Ол қарақшының қашан, қайда туғаны шындығында дау тудырарлық мәселе.

Біздегі homosovieticusтар Сталинді өлердей жақсы көреді. "Ол бізге индустриализация әкелді, соғысты жеңді, неміс құлдығынан құтқарды, одақтық республика статусын әперді, нағыз қолбасшы" дейді. Ал шындығында оның қазақтарға қатысы қандай болды:

1.) Сталин билікке келгенге дейін, тіпті 1920-21 жылғы аштыққа қарамастан қазақтар КСРО-дағы саны көп үш ұлтқа кірді. Ал Сталин өлген сәтте, яғни 1953 жылы қазақтар халқының 70% жоғалтқан болатын. Оған 1931-33 жылдардағы геноцид пен Екінші дж.соғыстың алдыңғы шебіне қазақты тастау қатты әсер етті, ұлт жойылудың алдында тұрды.

2.) Қазақ халқы саяси қудалаудың ең үлкен науқанынан өтті. 1928 жылғы ұжымдастырудың алғашқы науқанынан бастап, қудалау басталған-ды. Ал 1937-38 жылдары 25 мың адам атылды. Оның үстіне геноцид жылдары(1931-33 қолдан жасалған аштық) жасалған 372 көтерілістің барлығы бала-шағаға қарамастан аяусыз жанышталды. Алаш Орда мүшелері, отбасылары толық қырылды.

3.) Қазақстан үлкен лагерьге айналды. ГУЛАГ жүйесі бойынша КарЛаг, Алжир сынды ондаған лагерьлер адамдарды азаптаудың түрлі әрекеттерін жасап жатты. Оларда миллиондаған жан азап шекті.

4.) Қазақ халқы ассимиляцияның ең ауырына ұшырады. Соғыс жылдары Кавказдан, эвакуация арқылы Украина мен Белорусьтан, Ресейдің ішкі аймақтарынан бар жиынтығы 1,3 млн адам депортацияланды. Олардың барлығына ортақ тіл орыс тілі болғандықтан, тілдік мәселе өрши түсті.

5.) КСРО-да ядролық қару болған сәтте, алғашқы сынақ алаңы қазақтың рухани өлкесі болған шығыстан таңдалып алынды. Сталин сол аймақты өзі таңдады. Салдарынан 40 жыл бойы халық 500-ге тарта сынақты бастан кешіріп, миллиондар зардап шекті, мүгедек болды, ажал құшты.

6.) Сталин тұсында Қарақалпақстан Қазақстаннан Өзбекстанға өтті, шешен автономиясын құру идеясы болды.

7.) Шығыс Түркістандағы Оспан батыр бастаған көтерілісте Сталиндік билік екіжақты ойын ойнап, қазақ жасақтарының жоспарларына араласып отырды.

Әрине, Сталиндік билік тек қазақты емес, украин, кавказ халықтары, орталық азия ұлттарының барлығы, орыстардың өзіне де теперіш көрсетті. Оның зауыттар мен фабрикалар салғаны да шындық, бірақ ол миллиондардың қызыл қаны, ақ сүйегінің үстіне тұрғызылған еді. Осыны біле тұра, Сталиннің туған күнін атап өткендерге тым болмағанда идеологиялық әңгімелесу жүргізілмесе, онда "Рухани жаңғыру" деген бекер әңгіме. Оралдағыдай совоктар көшеде ту көтеріп жүре беретін болады. Сталиннің сол уақыттағы қанішер саясатының салдары бізді әлі титықтатып келеді. Тіл, мәңгүрттену, совокты пір тұту әлі үлкен мәселе.

Асхат Қасенғали
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста