Бөгенбай батыр бізге бөтен бе?

Бөгенбай батыр бізге бөтен бе?

Бөлмемізде ала қағазға шұқшиып отырып едік, есік қағылып, ішке алпыстар шамасындағы ел ағасы кірді. Таныса келе есімі Кәкім Сүлейменов екенін білдік. Зейнетке шыққан оташы екен. Бұрындары қабынған өкпеге ота жасапты. Талайдың өкпесін жазған маман енді бізге өз өкпесін ала келіпті. Қолындағы қағазын жайып, шаруасын тәптіштеп айта бастады. Өзін Бөгенбай батырдың сегізінші ұрпағымын деп таныстырған ақсақалдың сөзінде күйініш бар. Әңгіменің төтесіне көшіп: «Осы Қарағандыда Бөгенбай атына бір көше берілмепті. Ыңғай Либкнехт, Люксембург, Бабушкина деген атасы бөлек немелер қаптап кеткен. Ал қазақтың ұлы қолбасшысы атында бір де бір көше жоқ. Бұл не деген масқара?!» Шынымен де, масқара емес пе? Осы біз масқараның бал-маскарадында жүрген сияқтымыз. Әрі аттап бір, бері аттап бір ішек тартып, таң қалып «масқара!» деп баж ете қаламыз. Көзімізді енді ашып, кетеуі кеткен дүниені енді көріп тұрғандай құдды бір. Тәуелсіздік алғанымызға жиырма жыл. Осы уақыт ішінде Қарағанды қаласына кім әкім болмады? Қарапайым қалпақты бастық болып кіріп, шенді шенеунік болып шыққандар аз ба? Солардың бірі де осы қала көшелерінің дұрыс еместігін байқамағаны қалай? Жарайды, әлем әдебиетінің классигіне айналған Гогольдарға соқтықпай-ақ қояйық. Бензинная, Насосная, Моторная деген көшелердің не керегі бар? Сонда қазақшасы бензинді, насосты, маторлы болмақ пе? Тізіп айтсақ, мұндай көше­лердің санынан жаңыласыз. Аға­мыздың ашынып айтқан базынасы орынды емес пе? Тіпті, естіген құлақ ұялып, көрген көзден сора ағардай.

Өзімізбен іргелес отырған түркімен­дерде «тегіңді ұмытсаң қазақтан ал» деген мақал бар. «Ет бүлінсе тұз себесің, тұз бүлінсе не себесіңнің» кері енді келді. Түркімен емес, қазақ тарихын ұмытып бара жатыр емес пе? Сонау Адам-Ата мен Һауа-Ананың жұмақтағы күндерінен бастап, бүгініне шейін ауызекі шежіре таратқан қазақ қайда барады? Қазақтың ұлы ғұламаларының бірі, сәуегей-абыз Мәшһүр Жүсіптің «Дүниеде жетпіс жеті тіл бар. Олардың ең асылы–араб тілі. Өйткені, Құран араб тілінде түскен. Одан кейінгі асыл тіл–қазақтың тілі. Ғылым да, дін де, әулиелік те қазақтың тілінде тұр. Шіркін,  біздің замандастарымыз  осы тілді білсе ғой» деуінде үлкен сыр жатқанын неге аңдамаймыз осы? Тілімізді тірі жетім күйіне түсірдік. Мінбеге шығып ап, орысша міңгірлейтін ағаларымыз тіл өлсе ұлттың өлетінін түсінбейді-ау шамасы. Бүгінгі шақта жүздеген ұлт жоғалудың аз-ақ алдында тұр. Мысалға, үндістің «Бо» тілінде сөйлейтін ақырғы адам өлгенде әлемдік басылымдар ұлт жаназасына көңіл айтып емес, сүйінші сұрап, жарыса жазды. Одан кейін «Силец» тілінде сөйлейтін екі үндіс қалды деп, сол екеуін аңдып құзғынша құздиып отырды. Міне, ұлттың өлімі деген осындай болмашы ғана нәрсе әлем үшін. Қазақтай Ұлы халықтың бүгінгі ұсақталған бейнесін Алланың адал құлы Абылай хан түсінде көріп еді-ау! Құрт-шаянға айналып барамыз. Қазақ тарихындағы, одан әріде Түркі әлеміндегі ұлы қолбасшылардың біріне көшенің атын беруге жарамағанымыз қалай? Өзінің ана тілін білмейтін, құрметтемейтін көкелерімізге қарап отырып, «Осы жұрт Бөгенбайды біле ме екен?» деген заңды сұрақ туындайды. Кешегі қазақ үшін бес күндікті тариқат еткен Әлихан Бөкейханов: «Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір халық өзінің тарихын жоғалтса оның артынан өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады» дегенді неге айтып еді? Әлихан бастаған Алаштың айбоз ұлдары ұлт үшін еңбек етті. Арпалысты. Алысты. Ақырында ақыретке кебінсіз кетті. Өздері өле-өлгенше сүйіп өткен қазақ халқы үшін. Біз сол Әлихандарға бір ескерткіш қоя алмай отырмыз.Ұлы тұлғаларымызды өз дәрежесінде ұлықтай алмауымыз аруақты ұмытқанымыз. Аруақты ұмытқанымыз Алланы ұмытқанымыз емес пе?!
Қалмақ пен жоңғар іргемізді сөгіп, ішке індете кіргенде қазақтың игі жақсылары кеңес құрыпты. Сол жиында сан қилы пікір айтылып, бірі жерді жау қолына тастап, ауа көшейік десе, бірі қалмақ ханының дәргейіне жығылып, жан сақтайық деп уәж айтады. Сонда қарт Бөгенбай: «Жауыздан есемізді қайтарамыз! Тоналған жайлауымызды, тұтқындалып құлдыққа кеткен айдар­лы ұлымызды, күңдікке кеткен өрім­ді қызымызды жауға беріп қалай отырамыз? Өлсек қолымызға қару алып өлеміз. Қыпшақ даласының батырлары қай кезде бастарын төмен түсіріп еді? Мен қолымды жауымның қанына бояған кезде сақалыма әлі ақ түспеген еді! Қазіргі келімсектердің зорлығына қалай шыдаймыз? Біз әлі жүйрік аттардан кенде емеспіз. Әлі қорамсақта өткір ұшты жебеміз бен садағымыз бар» деп ақырып, езілген елдің жігерін жаныпты. Сол «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламада» үш қазақтың екеуі харап болған. Үшінші қазақтың аман қалуы Бөгенбай, Қабанбай сынды баһадүрлердің арқасы екенін ұмытпайық. «Дөкей көкелеріміз тарихты тізеге салып бұрмалап, қолдан батыр жасап жатқанда нағыз батырларымыздың образын ел жадынан өшіріп алмайық» дейді Кәкім қария. « – Керекті құжаттардың бәрін жинап, қалалық әкімдікке өткіздім. Енді қала әкімі Бауыржан Әбдішев пен қалалық мәслихат депутаттары қарап, бір шешім қабылдайды» деп сөзін түйіндеді. Осы мәселені баспасөзде көтерсе бір септігі тиер деп келгенін де жасырмады. Біз қарияның бұл ісіне бір шеті ырзалығымызды білдірсек те, бір шеті өзіміз ұялыңқырап тұр едік. Бізде үнемі осылай. Халықтың ұлын халық емес, ұрпағы түгендеп жүреді. Агараки, Бөгенбайдың сегізінші ұрпағы Кәкім ақсақал болмаса, ұлы қолбасшыға көше беру мәселесі алдағы онжылдықта айтылар ма еді, кім білсін? Қалалық мәслихаттағы ағаларымыздың осы мәселені өздігінен көтеретін жөндері бар еді-ау. Қайда барсақ, соңымыздан «масқара» қалмай қойды.
P.S Қала әкімшілігі Бөгенбай батыр турасында дұрыс шешім қабылдар деп үміттенеміз. Былтыр Қаздауысты Қазыбек бабамызға, Қасым Аманжоловқа, Қаныш Сәтбаевқа ескерткіш қойылды. Енді қаламызға Бөгенбай батырдың ескерткіші қойылса.
Айтпақшы, Қарағандыдағы ескерткіштердің бәрі қара жаяу. Ат үстінде тұрған біреуін көрмедік. «Тоқсандағы қарт бабаң, топқа жаяу бармасын» деп Тәңірден тілек еткен Бұқар бабамыз бұқара алдына жаяу келді. Қазыбек бабамыз да. Бізге Алаштың аруағын асыратын арғымақты бір мүсін керек-ақ. Ол Қанжығалы қарт Бөгенбай болса деген базынамыз да бар билікке.

ortalyk-kaz.kz
(Тақырыбы өзгертілген)

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста