Әуезовтің Америка сапарынан очеркі оқырманын қалай тапты?

Әуезовтің Америка сапарынан очеркі оқырманын қалай тапты?

Қазақ жазушысы Мұхтар Әуезовтің мұрасы оның Америкадағы сапары кезінде жазған жолжазбасымен толықты. Очерк 60 жылдан астам уақыт өткен соң алғаш рет кітап болып басылды және ағылшын тіліне аударылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Вaribar.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақ мәдениетін зерттеуші Деннис Кин екі жыл бұрын Әуезовтің Америкаға барғанын кездейсоқ білген. Ол газет-журналдардың Newspaper.com архивіне жазылып, Америка баспасөзінде осы күнге дейін Қазақстан және оның мәдениеті туралы жазылған материалдарды іздеген.

 

 

 

Туған өлкем Калифорния штатының кішкентай бір қаласында басылып шығатын аймақтық газеттің басты бетінде ұлы қазақ жазушысы Мұхтар Әуезовтің фотосуреті тұр. Адам сенбес оқиғаға тап болдым. Фотода ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің алыбы қызыл секвойя ағашының көлеңкесін паналап тұр екен, — дейді жоба кураторы.

 

 

 

 

 

Деннис осылайша 1960 жылы қазақ жазушысы Мұхтар Әуезовтің КСРО делегациямен бір айға АҚШ-қа барғанын және Нью-Йоркті, Вашингтонды, Лос-Анжелесті және тағы басқа қала мен штатты аралағынын біледі. Жазушы АҚШ-тағы сапарынан бір жыл өткен соң қайтыс болған және оның «Америка әсерлері» очеркінің екінші бөлімі аяқталмай қалған.

 

Деннис Кин архивтен тапқан материалдарды және жазушының күнделігіндегі үзінділерді топтастырып, «Америка әсерлері» эссесін Walkingalmaty блогына жариялаған. Кейін жазбаға қазақ аудиториясының ерекше ықыласын байқап, мұны кітап етіп басудың амалын іздейді.

 

 

 

Осыдан кейін Әуезов орталығының басшысы Диар Қонаевпен кездесіп, бұл туындының тарихи маңызы бар екенін түсіндіріп, ағылшын тіліне аударуға келіседі.

 

Калифорнияда туып өстім. Қазір Лос-Анжелестегі Калифорния университетінде қазақ мәдениеті мен тарихынан дәріс оқып жүрмін. АҚШ — туған елім, бірақ мені Қазақстанға тағдыр қосты. Жазушының менің қалама, оқыған университетіме барғанын білгенімде шексіз қуандым және мұны басып шығару керек екенін түсіндім, — дейді Деннис Кин.

 

 

 

 

АҚШ-тың Алматыдағы бас консулы Кэролайн Сэвидж де кітапты оқып шыққан және Әуезовтің жазбаларынан ерекше әсер алған. Ол Америкаға сол кезде дәл Әуезовтің барғанына қуанып отыр, өйткені «Американы Әуезовтен артық кім баяндап берер еді» дейді.

 

1960 жылдары АҚШ пен Совет Одағы екі ел арасында мәдени байланыс орнаса, өзара қарым-қатынас жақсара түсер деген келісімге келеді. Хрущев жылымығы кезінде АҚШ пен КСРО арасында ұйымдастырылған алғашқы мәдени тәжірибе алмасу сапарына алғашқылардың бірі болып Мұхтар Әуезов барған екен. Ол тағы төрт жазушымен бірге Америкаға жол тартып, мұхиттың ар жағындағы өмірді өз көзімен көрді. Оған қоса, ол қос әлемнің ұқсас тұсын да байқаған, — дейді Кэролайн Сэвидж.

 

 

Кітаптың басылып шығуына АҚШ-тың Алматыдағы бас консулдығы мен Мұхтар Әуезов атындағы музей үйі атсалысқан.

 

 

 

Қонақтар шараның соңында Мұхтар Әуезов атындағы қазақ драма театрының актері Омар Қиқымовтың жазушы образына еніп оқыған үзінділерін тыңдады.

 

 

Қазіргі күні «Америка әсерлері» кітабының 1 500 данасы басылып шыққан. Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойы қарсаңында кітап сатылымға шығады. Әзірше оның электрон нұсқасын Kitap.kz платформасынан қыркүйектің соңына дейін тегін оқуға мүмкіндік бар.

 

 

 

 

Жобаның ақпараттық серіктесі — Baribar.kz порталы. Порталда бүгінге дейін «Америка әсерлері» кітабынан бірнеше үзінді жарияланды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста