Астанада Сәкен Сейфуллин тұрған үй табылды

Астанада Сәкен Сейфуллин тұрған үй табылды

Астанада жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллин тұрған үй табылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы өзінің Instagram-дағы парақшасына журналист Дастан Кенжалин жазды.

 

«Астанадағы Жангелдин көшесі, 29/2 мекен-жайы бойынша орналасқан үйде (бұрынғы адресі – Лесная көшесі, 65) 1936 жылы қазақтың дауылпаз ақыны, жазушы, 1920-1925 жылдары Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы (Премьер-министр) қызметін атқарған Сәкен Сейфуллин тұрған екен. Қазір ол жерде Сәкенді қашып жүргенде паналатқан Әбділда Белжанов деген кісінің балалары тұрады. Ол 1889 жылы қазіргі Қарағанды облысының Нұра ауданында туып, 1970 жылы Целиноград қаласында қайтыс болған. Осы кісі үйді 1936 жылы Ресейдің ішкі өңірінен келген бір адамнан сатып алған екен. Бұрын Сәкен тұрған үй кішкентай болған көрінеді. Ал қазір ол 1964 жылы қайта салынғаннан кейін кеңейген», – дейді әріптесіміз.

 

Одан әрі ол Әбділда Белжановтың балаларымен сөйлескенін айтады.

 

«Әбділда Белжановтың төрт баласы бар екен. Үлкені – Сәкен Белжанов 1939 жылы, ортаншысы – Жұмабай Белжанов 1950 жылы, Бәтима Белжанова 1955 жылы, ал кіші қызы Күлжәмила Белжанова 1958 жылы туған. Осы кісілермен сөйлесіп, Жұмабай аға маған әкесінің әңгімесін айтты. Оның әкесінің үйді 1936 жылы сатып алғанда көп адам Сәкенді үйге кіргізуге қорыққан екен. Содан әкесі Сәкенді ұстатпау үшін үйге кірзігіп, бір бөлмесін берген көрінеді. «Біздің көкеміз Сейфуллинмен жақсы қарым-қатынаста болды. Екеуі сыйласып, бір-бірінің қас-қабағына қарап тұрды. Көкем Сәкенді мақтап отыратын. Бала кезімізде ол туралы көп әңгіме айтатын.  Халқына жанашыр, бауырмал, елінің қамын ойлап жүретін сымбатты азамат болатын дейтін. Содан кейін Сәкен көкеме «Осы үйде біраз уақыт тұрдым. Сіздерге кесірім тимесін деп басқа жақты іздейін» дегенінде көкем өзінің қарындасы Әмина Жазылбекқызының үйіне апарған. Сол үйде ол 3 ай тұрды. Одан кейін Сәкен Көкшетауға кетіп, ұсталды. Бұрын ол үй Қазақ көшесінде орналасқан еді. Қазіргі мекен-жайы – Сейфуллин мен Айманов көшелерінің қиылысында, бұрынғы «Пожарканың» бер жағында болатын. Бірақ, қазір оның орны жоқ. Ысырылып кеткен», дейді Жұмабай аға» деп жазды журналист.

 

Оның айтуынша, қазір Сәкен Сейфуллин тұрған жерде үйдің сыртындағы шарбақтар ғана қалыпты.

 

Қазақтың біртуар азаматы осылай басқа адамдар үйге кіргізуге, тіпті атын атауға қорқып жүргенде бір жылдан астам уақыт екі үйді паналап, 1938 жылы «ұлтшыл буржуа» деген айыппен тұтқындалып, 1939 жылы 28 ақпанда Алматы НКВД-сының қабырғасында атылды.

 

Ол Сталин қайтыс болғаннан кейін 1953 жылы ақталған.

 

 

(Сәкен Сейфуллин тұрған үйдің орнындағы үй, соның шарбақтары)

 

 

(Әбілда Белжанов зайыбы Бәтима Ахметқызымен)

 

 

(Әбділда Белжановтың ұрпақтары – Сәкен Белжанов, Бәтима Белжанова мен Жұмабай Белжанов)

 

 

(Алматыда тұратын атақты өнер иесі Күлжәмила Белжанова ағасы және апасымен бірге)

 

 

(Бұрынғы үйден сақталған Сәкен Сейфуллиннің қолы тиген шарбақтар)

 

 

(Көненің көзі – 71-белгі)

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста