Армяндардың арғы тегі – Арғындар...

Армяндардың арғы тегі – Арғындар...

Шын мәнінде Евразия халықтарының қалыптасуына сақ, хунь, жунди халықтары және олардың үзілмеген жалғасты ұрпағы көшпенді қазақ халқыда тікелей ықпал еткен (Литва, Полша, Украйна, Грузия, Ресей тарихтарында «Казак» және «Казах» атауымен қалған көшпелі тайпалар, сонау Сирия-Түркия шекарасындағы «Касаг провинциясы» атауы және Иран, Армения, Азарбайжан аймақтарындағы Казах-Касах атаулы жерлер мен өзен атаулары сөзімізге куә). Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «қазақ халқының Евразиялық ұлттардың қалыптасуындағы тарихи орнын анықтау қажеттігі» жайын сөз етуі, ол кісінің шын мәнінде сондай тарихи ақиқаттың бар екенін түсінген кемеңгерлігін аңғартады. Сол Евразия халықтарының ішіндегі көне ұлттардың бірегейі деп танылатын Армян халқының да қалыптасуы ежелгі Арыс-Арий елінің Закавказьедегі тобы мен кейінгі жүнділердің Арын тайпасымен тікелей байланысты екенін тарихи деректер айқындайды.

Армяндарда өздерін ежелгі Арийлер ұрпағымыз деген түсініктері бары мәлім. Осы жайтты дұрыс түсіну үшін әуелі б.д.д. ІV-ІІІ мыңжылдықтарда өмір сүрген «Арий тайпасы» жайына аздап тоқтала кетейік:

Ең ежелгі «Үнділік Ригведа» мен «Ирандық Авеста» жазбалары «Арий» атауы жергілікті ұлттар тілінде алғашқыда «басқыншы», «бөтен» деген мағына бергенін, кейін «қожайын», «билеуші» деген мағынаға ие болғанын көрсеткен. Ал б.д.д. ІІ мыңжылдықта Троя аймағы мен ежелгі гректерде соғыс құдайы Арес деп аталғанын, грек аңыздарынан Арес отаны Финикия, яғни ежелгі Шумер аймағы екенін көреміз. Осы дерек Арес пен Шумер байланысты екенін байқатады. Атақты «Шумер жазуындағы» көп сөздердің қазақ сөздерімен ұқсас әрі мағыналас екенін Олжас Сүлейменов «АЗиЯ» кітабында айқын дәлелдермен көрсетті. Грек аңыздары Аресті «алып денелі, қуатты еркек» ретінде суреттейді, ал «Арыс» деген қазақ сөзінің мағынасы да тап солай, «алып денелі, қуатты жігіт» дегенге саяды. «Аристократ» деген сөз әлемдік тілдерге ежелгі грек тілінен енді, оның мағынасы – «текті, билеуші әулеттен шыққан мырза». Осы сөздің «Арис» деген түбірі – «текті билеуші әулет» атауы Арис болғанын көрсетеді. Оның мағынасының үнді-ирандық этностардағы «Арий» сөзінің «билеуші мырза» деген мағынасымен бірдей болуы, Арис пен Арий бір тайпа ел екенін айқын көрсетеді. Ал атақты «Шумер жазбасы» сол Арий-Арис елінің өз тілі түркілік екенін дәлелдейді. Оның үстіне «Арий» тайпасы көшпелілер болғанын ғалымдар мойындайды, ал жоғарыда аталған үнді-ирандық ежелгі жазбалар олардың Отаны «қатты аязды қысы бар» солтүстік аймақта орналасқанын көрсеткен. Осы деректер «Арийлықтардың» өзге аймақтан барған «басқыншы ел» екенін айғақтайды. Ал «қатты аязды қысы» бар өлкені қазіргі қазақ даласы мен Алтай аймағы және қазіргі Маңғолия даласы деп жорамалдаған орынды. Сондықтан Арий тайпасының өз атауын Арыс деп танығанымыз және оларды біздің аймақтан шыққан «ең ежелгі түркітілділер» дегеніміз жөн. Оңтүстік Қазақстандағы өзеннің Арыс деп аталатынын да еске салайық. Қазақ халқы шежірелері арғы тегімізді Бекарыс, Жанарыс, Ақарыс деген үш Арыстан тарататыны да белгілі факт.

Ежелгі Арыс-Арий елі шыққан аймақтарда б.д.д. 1-ші мыңжылдықта сақ-скиф, құң-хунь, жүнді-жунди деген үш халық отырғанын көреміз. Б.д.д. 1-ші мыңжылдықта Орталық Қытайдың қалың ормандар қаптаған таулы аймақтарын «қызыл шашты, көк көзді жундилер» мекендегені, олардың солтүстігіндегі «құрғақ далада» хунь елі отырғанын қытай жазбалары көрсеткен («құрғақ дала» қазіргі Маңғолия даласы). Күн көзі түсе бермейтін қалың ормандарда өмір сүргендіктен «көздері көк, шаштары қызыл» болып қалыптасқан «жүндес тау» халқын «жүнді» деп атаған «құрғақ дала» халқы болса, өз кезегінде, күн көзі мен дала желі өңін «қоңыр» етіп қақтаған дала халқын «хоңыр» деп атаған таулық «жүнді-жунди» елі болған. Яғни, таулық және далалық болып көршілес отырған Арыс-Арийлер өз аймақтарының климатына байланысты қалыптасқан түр-түстеріне қарай бір-біріне «хоңыр» (хунь) және «жүнді» (жунди) деген атау берген.

Сонымен, Арыс тайпасының Тарбағатайдың шығысында отырғандары кейін құң-хунь мен жүнді-жунди деген екі халық болып қалыптасса, Тарбағатайдың батысында, қазіргі Ресей-Қазақстан даласы мен Орта Азияда қалғандары сақ-скиф деген халық болып қалыптасқан. Геродот сақ-скиф халқы Ареске сыйынатынын, олар адамды құрбандыққа шалатын «ерекше қылышын» биік жерге қойып табынатындарын жазады. Қазақ халқы қылыштың ең мықтысын «алдаспан» деп атайды, оның «алды аспан» деген мағынасы атаудың сол сақ-скифтердің «ерекше қылыш» заманынан қалыптасқанын байқатады («Аспан Құдайы құрбандығымызды қасиетті қылыш арқылы алады» деп сенген сақ-скифтер, ол қылышты «алды аспан» деп атағанын көреміз, бұл дерек қазақ тілі мен сақ-скиф тілінің тікелей байланысты екенін айғақтайды). Лукиан Самосатскидің (120-190 жж. б.д.д.) «Токсарис және достық» еңбегіндегі скифтің Токсарис деген есімі, Геродот пен Страбон «жеті ұлы ғалымның бірі» деп таныған скиф Анакарис (620-555 жж. б.д.д.) есімі де сақ-скиф халқы мен ежелгі арий-арыстар байланысын байқатады: «Токсарис» – «Тоғыз-арыс», «Анакарис» – «Анық-арыс». Осы деректер мен Ареске сыйыну, яғни арғы бабасына сыйыну дәстүрі сақ-скиф халқы ежелгі Арыс тайпасы ұрпақтары екенін аңғартады.

Демек құң – хунь, сақ – скиф, жүнді – жунди деп танылатын үш халық – ежелгі Арыс-арий тайпасының ұрпақтары.

Ежелгі Арыс-Арий елінің Закавказье мен Қара теңіз маңына орныққандары өзіндік Арыс атауымен кейінге дейін өмір сүрді. Закавказье мен Қара теңіз маңындағы Арыс тайпасы б.д.д. ІІ-б.з. ІV ғасырлар аралығындағы римдік деректерде «Аорс» атауымен кездеседі. Тарихшыларда «аорс» тайпасын Скиф халқынан деп тану орныққан, кей тарихшылар оларды Сарматтар құрамында болған деп біледі. Оның себебі, сақ-скиф халқының албан мен сыбан тайпаларының б.д.д. ғасырларда Закавказеге, языг (үзік) пен сирақ тайпаларының қазіргі Ресейлік далаларға барып қоныстануында еді. Яғни, аталған аймақтарда ежелден отырған Арыс-Аорс атаулы елді ол жерлерге кейін барған сақ-скифтік немесе сарматтық тайпалардың бірі деп түсіну орын алған.

Арыс атауын «Аорс» еткен римдік тіл. Олардың Закавказедегілері кейінгі армян ұлтының негізі болған. Армяндардың христиандыққа дейін Ареске табынғаны жайлы Армения тарихындағы нақты деректер және армяндардың «Арийцы ұрпағымыз» деген түсініктері сөзімізге куә. Қазіргі Аракс өзені атауы әуелде «Арыс» болған деуде орынды. Армяндарды билеген Араншак әулеті ежелгі Парфияны билеген Аршак-Аршакиды династиясының бір тармағы екені тарихшыларға мәлім. Олардың анық қайдан шыққанын және кімдер екенін түсіну үшін жоғарыда айтылған жүнді (жунди) елі тарихына көз жүгіртелік.

Б.д.д. III ғасырда Орталық Қытайдың тауларын мекендеген жүнді (жунди) халқын жаңадан қалыптаса бастаған Қытай империясы ойсырата жеңді. Жеңілген жүнділер бірнеше бөлікке ыдырап кеткенін, олардың бір тобы шығыстағы ху халқына барып қосылғанын («ху» елі маңғол, корей, жапондардың арғы аталары), жүнділердің екінші үлкен тобы батысқа ығысып көшкенін қытай жазбалары баяндайды (Шыңжандағы юэчжи-ошақ тайпасы немесе кейінгі таулық Юсюн-Үйсүн еліде сол жүнді халқының бір тармағы). Жүнділердің солтүстік даладағы құң-қоңыр (хунь) еліне барған тайпалары «динлин» (деле-теле) деген ортақ атаумен белгілі. Жүнділердің арын тайпасы бастаған бір тобы Амур аймағындағы өзен бойына орныққанын, олардың құң (хунь) халқына арынқұң атауымен сіңгенін, кейін атаулары Арқұң болып қысқарғанын және олар бойында отырған өзен Арқұң (Аргунь) деп аталып кеткенін «ежелгі Жүнді халқы» жайлы мақалада айтып өткенбіз (Амур аймағындағы Аргунь өзені). Жүнділердің батысқа ығысқандары б.д.д. III ғасырда Орталық Азияны басып алғанын ежелгі грек деректері байқатады. Жүнділер Орта Азиядан кетуге мәжбүр еткен сарматтардың сол ғасырда Солтүстік Кавказ бен қазіргі Ресейлік даланы басып алғанында сол римдік жазбалардан көреміз. Лев Гумилев қытайлардың жүнділерді ойсырата жеңген тарихын баяндай отырып былай дейді: «қытайлықтардың орталықтандырылған күші батыр жундарды жеңіп шықты. Бес ғасырлық соғыс нәтижесінде жундар екіге бөлінді: негізгілері батысқа тау өзені Кукунорға ығыстырылды, ал басқасы - шығысқа, Хинган тауына кетіп, қытайларға деген өшпенділікпен шығыс Ху тайпаларына сіңіп кетті. Дәл осы кезде Ұлы Даланың батыс бөлігіндегі халық белсенді тарихи өміріне оралып, оларға қайта жан бітті. Б.д.д. 250 ж. парфяндықтар иран азаттық қозғалысын басқарып, Мидиядан македонян басқыншыларын қуып шықты, ал оларға туыс сарматтар Скифияны, яғни Қара теңіз маңындағы даланы басып алды. Б.д.д. ІІІ ғ. осы дала халықтары қандай да бір қуатты күш арқылы қозғалысқа келгендей болды.». Осы сөздері, Орталық Қытайдан батысқа ығысып кеткен жүнділердің Парфия патшалығының пайда болуы мен сарматтардың Орта Азиядан барып Ресейлік даланы жаулап алуына негізгі себепкер екенін Лев Гумилевтің іштей түсінгенін байқатады (империя саясаты оған шындықты толық айтқызбағаны түсінікті).

Сонымен б.д.д. ІІІ ғасырда Орта Азияға келген жүнді халқы Парфия Патшалығын орнатқан. Патшалықтың Парфия деп аталуы қазіргі Түркіменстан аймағының «Парфие» деген ежелгі атауымен тікелей байланысты. Ирандықтар ежелден қазіргі Түркіменстан аймағын «арғы жақ» деген мағынадағы «Парфие» атауымен атаған (Парфия патшалығы орнамай тұрып). Жүнділер ирандықтар жеріне сол Парфие аймағынан барып кірген, сол себептен жүнділер патшалығы «Парфия патшалығы» болып тарихқа енген. Жүнділер әскері құрамында сақ халқының албан мен сыбан тайпаларыда болғанын тарихи деректер байқатады. Геродот ирандықтар дала халқын «Сак» деп, ал грек халқы «Скиф» деп атайтынын көрсеткен. Осы себептен ирандықтар сақ халқының албан мен сыбан тайпаларын «сакалбан» мен «сақсыбан» деп атап кеткен. Сыбан тайпасының жүнділер әскері құрамында б.д.д. ІІІ ғасырда Закавказеге барып орныққандары азарбайжандар құрамындағы көшпенді «шахсеван» тайпасы мен грузин халқы құрамына сіңе бастаған сван ұлты, Армениядағы Сван көліде сыбан тайпасымен байланысты. Жүнділер әскері құрамында б.д.д. ІІІ ғасырда Закавказе барып орныққан албан тайпасы себепті Закавказье І ғасыр мен V ғасыр аралығында тарихқа «Кавказ Албаниясы» деген атаумен енген, сонымен қатар XI ғасырға дейін Қырымда арыс (урус) елімен аралас «сакалбан» (араб деректерінде «сакалба») деп аталған тайпа-ел болғаны анық.

Сонымен сақ халқының албан мен сыбан тайпаларын «сакалбан» (сакалба) мен «саксыбан» (шахсеван) деп атаған ирандықтар Парфия патшалығын орнатқан Арын тайпасында "Арыншак" немесе "Аршак" деп атап кеткенін көреміз. Ал олардың Закавказедегі тобы «Арраншах» әулеті деп аталады және армяндардың ежелгі билеушілері болып табылады. Қытай жазбасы Парфия патшалығын «Аньси» деп көрсетеді, оның себебі қытайда «Р» дыбысы жоқтығынан деу орынды. Яғни, грек-ирандықтар «Арансақ» деп таныған билеушілерді қытайлар «Аньси» деп көрсетеді. Жапондар құрамында сақталған және өз тілдерін жоғалтқан «жүндес Айн халқыда» сол ежелгі жүнділердің шығыстағы Ху еліне барып қосылғандарының бір бөлігі деу орынды (олардың Арын атауы «Р» дыбысы жоқ қытайлар ықпалымен «Айн» болып қалыптасқан). Шығыс Ху халқы жүнділер заманында қазіргі Манжурияда отырғаны, сол жерден шыққан когурё деген бес тайпа одағы II ғасырда қазіргі Корея түбегін жаулап барғаны, сол тайпаның кейінгі «корё» атауымен Корея ұлты қалыптасқаны белгілі. «Когурё» атауы әуелде «Хуаре» болған деу орынды (толық аталуы «хуарын»). Қытай жазбасы жүнділердің бір тобы шығыс ху халқына барып қосылды дейді, Парфияны билеген Арын тайпасы екенін және қазақтың Арғын тайпасыда сол жүнділік билеуші тайпадан қалыптасқанын көреміз. Демек, жүнділік Арын тайпасы шығыс Ху елініңде билігін өз қолына алғаны және сол себептен олардың «Хуаре» деп аталуы заңдылық. «Хуарын» атауының «хуаре» немесе «Когурё» болып өзгеріп аталуы Ху халқы тілі ықпалы екені түсінікті. Демек Корея халқы да жүнділік даңқты Арын-арғын тайпасы ықпалымен қалыптасқан деу орынды. Корей мен жапон тілдеріндегі «қазақы сөздерде» ежелде шығыс Ху халқына барып қосылған сол Жүнділерден қалған естелік белгілер. Осы көрсетілген деректер Парфия патшалығын немесе Аньси патшалығын орнатқан Арын атаулы билеуші династия екенін айғақтайды. Осы «Арын» сөзі қазақ тілінде «арынды, екпінді» деген мағына береді (орысша «напористый», «сверх активный»).

Б.д.д. II ғасырда Орта Азияны Шыңжаннан келген юэчжи-ошақ елі басып алды. Олар мен Парфия патшалығын билеген Аршак династиясы арасындағы соғыстарды грек жазбалары баяндайды. Әуелде Шыңжанда отырған юэчжи-ошақ тайпасын б.д.д. III ғасырда құң-хунь тобы басып алғанын, онда кішігірім Юсун-Үйсүн княздігі орнағанын және олардың б.д.д. II ғасырда Қытай империясы қолдауымен Орта Азияны жаулап алып Үйсүн патшалығын орнатқанын алдыңғы мақалаларда айтқанбыз. Осылайша Парфия-Аршак патшалығы Орта Азиядан ығысып, өз қарамағында тек қазіргі Иран аймағы мен Закавказені сақтап қалды. Сол заманнан бастап Парфия-Аршак патшалығының негізгі халқы ирандықтар болып, ол халықтыңда атауы «Парсы» болып қалыптасуын бастады (Парфия атауы мемлекеттің негізгі халқының «парсы» деп атала бастауына жол ашты).

Кавказ Албаниясында билік Арран тобында болғанын тарихшылар атап өтеді. Осы өздерін Арынсақ-Арраншах деп таныған билеушілер Закавказені IV ғасырға дейін анық биледі. Сосын IV ғасырда Закавказені біздің даладан барған савир-жужандар басып алды. Сол себептен Арынсақ-Арраншах династиясы өздеріне бағынышты халықты бастап кіші Кавказ тауына көшкенін көреміз (қазіргі Армения аймағына). Ол заман Парфия патшалығы жойылып, оның көп жеріне ежелгі гректер келіп қоныстанған кез. Ол гректер «ежелгі грек» тілінде сөйлейтіндер, кейін олар мен ирандардың тығыз араласуынан «орта грек» тілі қалыптасқаны және осы «орта грек» тілі Византия империясының ресми тілі болғаны мәлім (қазіргі грек тілі «жаңа грек» тілі деп аталады). Арран халқы жайлы деректер армян халқының қалыптасуына түркітілді тайпалар қатысқанын көрсетеді. Олардың қазіргі армян халқы болып толық қалыптасуы III ғасырда «ежелгі грек тілді» Христиан дінін қабылдаулары мен Закавказьедегі билікті IV ғасырда Савир-жужандар тартып алуымен тікелей байланысты. Армения тарихында елдің IV ғасырда Двин қаласына көшуін экологиямен байланыстырады, дұрысы оларды таулы аймаққа жаңа келген Жужандар ығыстырған деу. Сол ғасырларға дейінгі армян патшалары мен тарихшылары есімдерінде түркілік белгілер сақталған және оларда кейінгі армян тектеріне тән "ян" тіркестері кездеспейді. Армян халқының әуелгі тілі түркілік болған дейміз. Оларды түркітілділерге бөтен және жау еткен, «ежелгі грек» тілінде қабылдаған Христиан діндері (ол тіл V ғасырға дейін болғанын жоғарыда көрсеттік). Осы дін аясында олардың тілдері түбегейлі өзгергені және онда көптеген ежелгігрек сөздері орныққаны түсінікті, осылайша «Арандық християндық» деген өзіндік християндық дәстүр қалыптасқан. Ғалымдардың армяндардың ең ескі христиандық жазбалары «қыпшақ тілді» екенін мойындауының өзі олардың әуелде түркітілді болғанына жеткілікті дәлел. Ол жазбалар армяндарды христиандыққа кіргізу үшін «ескі армян» тілінде немесе «жүнді-түркілік тілде» жазылғаны түсінікті. Әрине, христиандық күш алғаннан кейін ежелгі грек тілі «Шіркеу тілі» болып орнықты, сондықтан армяндардың төл тілі қатты өзгеріске ұшырап, негізі ежелгі грек сөздері болған қазіргі армян тілі қалыптасты, алайда армян тілінде түркілік сөздердің әлі де көптігіне күмән жоқ.

Армян халқының арғы түбі түркілік екенін Ресей ғалымы Мурад Аджи зертеулері де растайды. Ол «Дыхание Армагеддона» деген еңбегінде былай деп жазады: «В части армян (в немалой части!) дремлет та же генетическая память, та же кровь, что в нас. Скажем, мне были любопытны наблюдения украинского востоковеда, академика А.Е. Крымского, почти век назад отметившего сходство «старого» армянского языка с языком крымских татар. Академик упоминал труды других ученых (Жана Дени и Тадеуша Ковалевского), сравнивших «старый» армянский язык с языком «Codex Cumanicus». Разве не интересна работа ныне злравствующего Александра Гаркавца, опубликовавшего тексты «старых» армянских молитв? Они на тюркском языке, поэтому автор назвал свой труд «Кипчакским письменным наследием». … Безукоризненная работа, если бы не наперед заданные комментарии к ней. И в самой Армении есть древние книги, написанные армянской графикой, но по-тюркски. Похоже, не сирийский, а все-таки тюркский язык был у армян, раз на нем писали молитвы в ранней Армении. Напомню и то, что царями Армении являлись тюрки из рода Аршакидов. Едва ли не все знатные армянские роды имели тюркские корни, что отмечено в родословных. А посмотрите на топонимику сегодняшней Армении, на обилие тюркских слов в ее языке. Всюду одно… Как же можно проходить мимо этих очевидных фактов? Я сам, своими глазами видел печать Аршакидов в Тегеране, их монеты и геммы, там четкие тюркские руны, они, по-моему, и ставит все по своим местам, их надо просто увидеть, хотя бы для того, чтобы судить о механизме складывающейся политики тюрков и армян в III веке.».

Ал християндықтың «Арандық дәстүрі» Кавказда ғана емес, сонымен қатар Европада және Таяу Шығыста көп заман қолданыста болғаны тарихшыларға мәлім. Ол дәстүр әрине, өзін «арынмын» деп атаған жүнді-түркілік Арын-Аран елінің атауы әуелі «армын», сосын ежелгі грек тілі ықпалымен «Армян» болып өзгерген заманда, яғни Армян ұлты толық қалыптасқан V ғасырдан басталғаны түсінікті (бір-бірін «ара» деп атау армяндарда сол ертеден қалған белгі деу орынды). Таяу Шығыстағы көп елдерде қазірге дейін сақталған армян диоспоралары сол замандардан қалыптаса бастаған деу орынды.

Демек, қазақтың Арғын тайпасы Парфия патшалығын орнатқан даңқты династия болып табылады. Сонымен қатар Арғын-арын тайпасы армян ұлтымен қатар жапон, корей ұлттарының да қалыптасуына мұрындық болғанын көреміз.

Бекжан Әденұлы

Abai.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста