Алтын адамның бас сүйегі қайда?

Алтын адамның бас сүйегі қайда?

Алтын адам. Бұл тіркесті адамдының адамшылығы мен болмысына қатысты емес, киіміне байланысты айтуға болады. Есік қорғанынан табылған алтын киімді Сақ адам біздің алтын адам деген ұғымымызды толығымен өзгертті. Анығында ол өзгерткен жоқ, алтын көрген соң біз өзгеріп сала бердік. Есіл пенделікті алтынның буы ұрды. Алтынға қарап аузын ашып, жарқ-жұрқ еткен жанарларға әлгі алтын киімді көрсеттік, мақтандық. Тәуелсіздігіміздің символына айналған алтын киім расымен мақтануға тұрарлық құндылық болатын. Бабаң басынан бақайына дейін, тіпті тұлпарының әбзелін алтындаған деген бұлтартпас айғақпен айқайламай тыныш жату мүмкін емес болатын. Ал сол алтын киімнің иесі баба ма, әлде арғы ана ма?

Алтынның буы тарқай бастағанда біз осы сұрақ төңірегінде ойлануды ұйғардық. Демек, сүйекті зерделеу керек. Сүйек қайда? Сүйек жоқ. Астананы Алматыдан көшіріп жүрген қарбалас тұста сүйек туралы ұмытып кетсек керек. Бірақ құр мақтан құнарсыз көбік екен ғой. Қазақ о бастан -ақ сүйекке ерекше құрметпен қарайтын ұлт болған. Егер өлгенін соншалықты құрметтемейтін болса, онда алтын кигізіп тұрып жерлемеген болар еді. Өз заманының құрметті адамы болған алтын киімді адамның сүйегі «сарсаңға» түседі деп кім ойлаған. Барлығына алтын кіналі. Егер киімі алтын болмағанда&hellip Жоқ, барлығына алтынға құмар «есіл пенделік» кінәлі?
Сақ мұраларына сурет һәм мүсін өнері мықты дамыған Батыстың өзі таңырқай қарайды. Не керек,  іздеген сүйек 2013 жылы табылды. Бірақ бассыз екен? Сонда «Алтын» адамның  алтын басы қайда? Елдің басы болған ірі қайраткерлердің басын жоғалтып алу «жағдайы» бізде бірінші рет орын алып отырған жоқ.

«Алтын адамның» сүйегі сақталған қорап


Бүгінгі күнге дейін сыры ашылмаған 26 таңбалы жазуы бар күміс тостағанның бір өзінде қаншама құпия жатыр десеңізші. Алтын адамның күміс тостағаны. Оның құпиясы күміс болғанында ма? Жоқ, әрине!
«Кемал Ақышев тостағандағы жазуды түркі жазбаларына ұқсатқан. Орхон &ndashЕнисей жазуларының түпкі негізі болуы мүмкін деген болжам айтқан. Бірақ тостағандағы жазудың түркілерге қатысы бар болып шығуы-Кеңес идеологиясына томпақтау тиер еді. Сондықтан бұл болжаммен келісе кеткенді ол заманның ғалымдары «ар санады». Көне мысыр, үнді- санскрит жазуларына балап зерттеу жүргізген лингвистер де табылды. Біздің елде Алтай Аманжолов зерттеп: «Үлкен бауырымыз,мына ошақ саған! Бөгделер сенің алдыңда тізе бүксін, халықтың азығы мол болсын»,-деген сөйлем шығарған. Түрік ғалымы бұл таңбаны мүлдем басқаша оқыды. Демек, тостағандағы құпия таңбалар әлі өз құпиясын ашқан жоқ. Сондықтан Олжас Сүлейменов бұл жазуға «Есік жазуы» деген ат берді. Дүние жүзінің ғалымдары бұл жазуды солай атайды. Осыған ұқсас жазулар Алматы облысындағы Ұйғыр ауданындағы  Сарытоғайдан, Оңтүстік Қазақстаннан, Памир тауларынан:  Ауғаныстан мен Тәжікстаннан табылған. Бірақ ғалымдар арасында ортақ шешім пайда болған жоқ. Менің де бұл таңбаларға қатысты өз көзқарасым бар. Ол жайында ғылыми маңызы бар еңбек дайындалып жатыр»,-дейді «Есік» қорық-музейінің ғылыми қызметкері Досым Зікірия.
Астанада «Алтын адамның» құпиясы» деген атпен бұрын ешқайда жарық көрмеген тың деректерден құралған жинақ шықты. Сонымен қатар, осы жинақпен аттас көрме ұйымдастырылды. Жинақ әзірге орыс тілінде дайындалған. Алтын адамға қатысты зерттеулер мен дерек кілттерін қазақтілді ғалымдардың ұстайтын кезеңі жеткенін осыдан-ақ байқауға болады.


Гүлмира Райылқызы: «Мақаланы дайындаған ғалымдардың көбі орыстілді болғандықтан, жинақты сол тілде шығаруға тура келді. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Алтын адамның» құпиясын қазақша шығаратын боламыз»,-деп айтып өтті. Сақ мұралары өркениеттің жарқын көрінісі, адамзат мәдениетіндегі дамудың озық үлгілері болып табылады. Сондықтан да Сақ өнерінің үлгілері Мемлекеттік рәміздер қатарына енген. Ендігі кезекте ғалымдар қаңқа сүйекке зерттеу жұмыстары аяқталған соң, Алтын адамның жерлеу рәсімін жасау керек деген ұсыныстарын да айтып қалды.

Қосымша ақпарат

XVII&ndashXVIII ғғ. Сібір мен Қазақстанның барлық археологиялық ескерткіштері толықтай тоналғаны сондай, соңғы уақыттарға дейін дерлік бірде-бір археолог  тоналмаған қорған таба алмаған еді.
С.С. Руденконың ашқан Алтайдағы Пазырық, Берел және Башадар қорғандары   ең қымбат бұйымдары тоналған, бірақ, аса бай археологиялық кешендер болып табылады.  С.С. Черников пен Ә.Төлеубаевтың Зайсан көліндегі Шілікті қорғандарынан (б.з.д. VII&ndashVI ғғ.) тапқан олжалары тонаушылардың суық қолынан қалған бірнеше бөліктері ғана. Ал, аса құнды артефакттер, сонымен қатар олардағы ғылыми ақпараттар мәңгілік жоғалғаны себепті, олардың анағұрлым нақты ғылыми қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мүмкін емес. З.Самашев қазған Атырау облысындағы Аралтөбе қорғаны ежелгі заманда-ақ бірнеше рет тоналғандықтан Аралтөбеден табылған сармат көсемінің (б.з. І ғ.) киімін қалпына келтірудің факталогиялық негізі анағұрлым әлсіздеу.
Қарғалы өзеніндегі үйсін жерлеу орны (б.з.б. ІІ-І ғғ) мен Жалаулы ауылындағы ерте сақ дәуіріне тән алтын қазыналар (б.з.б. VII ғ.) сынды осы күнге дейін аз зерттелген, бөлшектелген нәрселерді толыққанды қалпына келтіру мүмкін емес. Осы тұрғыдан алғанда «Есік қорғандары» орнынан табылған, 1970 жылы қазба жұмыстары жүргізілген, К.Ақышев бірнеше зерттеу мақалаларын жариялаған, IV ғасырдың соңы мен III ғасырдың басында өмір сүрген сақ көсемі жерленген жерлеу кешені   Еуразия археологиясы үшін аса маңызды болып табылады. Тонаушылардың суық қолы тимеген моладағы бұйымдардың бүтін қалпында табылғанының арқасында оның киімдерінің нақты бейнесін қайта қалпына келтіру мүмкіндігі туды.
Нәтижесінде әлемдік ғылыми қауымдастық оны бірауыздан ерекше ескерткіш деп мойындады. Ол Орталық Азияның ежелгі көшпенділері &ndash сақтардың ғана емес, сонымен қатар тұтастай Еуразия көшпенділерінің алдыңғы қатарлы мәдениеті мен өркениетінің жарқын көрінісі, олардың адамзат мәдениетінің дамуына қосқан үлесі ретінде бағаланды. Сақ өнерінің осынау үлгілерінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің қатарына кіргені тектен тек болмаса керек.
Оған қоса аталмыш қорғанның материалдары бұған дейін ешқашан толықтай жарияланбаған болатын. Қазіргі уақытта Есік қорғанында жерленген ханзаданың жерлеу кешенінің жәдігерлері жан-жаққа шашырап кеткен. Қорғаннан табылған алтын бұйымдар және жерлеу бұйымдарының біраз бөлігі Астана қаласындағы ҚР-ң Ұлттық музейінде сақтаулы болса, қыш бұйымдары мен ағаштан жасалған салттық ыдыстар «Есік» қорық-музейінде, қазба жұмыстарының барысы мен артефакттерді зерттеу кезеңіне қатысты құжаттық материалдар ҚР БҒМ «Ғылым ордасы» РМК-і (бұрынғы ҚазКСР ведомствалық мұрағаты) мұрағатында сақталған. Бұл өз кезегінде археологиялық кешенді сақтау мен насихаттаудың халықаралық тәжірибесіне қайшы келеді. Біраз уақытқа дейін жоғалып кетті деп есептеліп келген «Алтын адамның» сүйегі де (бас сүйегінен басқасы) «Есік» қорық-музейінің қорында сақтаулы тұр.
Көрме Есік қорғанының материалдары негізінде жасақталған. Аталмыш материалдар бұрын жарияланбаған және Есік қорғанының материалдарын болашақта зерттеу үдерісіне, экспедиция жұмысының ауқымына, құрамына, басталуы мен аяқталу мерзіміне жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

Айнұр Төлеу
Дереккөз: «Алауинформ»

qasym.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста