Алтын адамның әлемдік тұлғасын танытқан ғалым

Алтын адамның әлемдік тұлғасын танытқан ғалым

Қыркүйектің 8 жұлдызында Алматы облысындағы Есік қаласында 1970 жылы табылған Алтын адамды зерттеуге 30 жыл ғұмырын жұмсаған жаратылыстанушы ғалым Мағрипа Жылқыбаеваның ғылыми мұрасына арналған бірнеше шара өтті. Алдымен Есік мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Киіз үй» конференц-залында «Алтын адамның күміс тостағандағы 26 таңбасының құпиясын ашқан ғалым» деген тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мекеме басшысының орынбасары Досым Зікірия жүргізген басқосуда ғалымдар Мағрипа Жылқыбаеваның «Алтын адамның аманаты», «Алтын адамның мұрасы», «Құпия күштер құдіреті» деп аталатын кітаптары жайында пікір алмасты.

 

 

Жиында сондай-ақ «Қазақстан дәуірі» газетінің бас редакторы Ертай Айғалиұлы, Мағрипа Жылқыбаеваның мұрасын зерттеп, насихаттап жүрген ғалым, ақын Болат Шарахымбай, Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы, қаламгер Шаяхмет Құсайынұлы, т.б. зиялы қауым өкілдері сөз сөйледі. Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл атындағы орта мектеп пен Еңбекшіқазақ ауданынан тарих пәнінің ұстаздары қатысып, пікір бөлісті. Физик ғалымның Алтын адам жазуы мен жартастардағы петроглифтерді зерттеудегі өзіндік тың әдістері талқыланған дөңгелек үстелді мекеме басшысы Гүлмира Мұхтарова қорытындылады.

 

 

Сонымен қатар, Еңбекшіқазақ аудандық кітапханасында аймақтағы кітапханашылар мен мектеп мұғалімдерінің қатысуымен Алтын адам мұрасын бүгінге жеткізген физик ғалымның еңбектерін талқылауға арналған жиын өтті. Басқосуда ғалым еңбектерін ары қарай зерттеу, оқыту мәселелері де көтерілді. Кітапхана ұжымы атынан сөйлеген Гүлия Саурықова Еңбекшіқазақ ауданына Мағрипа Жылқыбаеваның кітаптарын тарту еткені үшін ғалымның ұрпақтарына алғыс айтты.

 

 

Осы күні ғалымды еске алуға арналған тағы бір шара Есік археологиялық өлкетану музейінде ұйымдастырылды. Мағрипа Шөжеғұлқызының көзін көрген зиялы қауым өкілдері Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің студенттері, ұстаздар қауымы және Ж.Қайыпов атындағы орта мектептің оқушылары алдында баяндама жасады. Музей меңгерушісі Нарима Тойжанова аймақтағы мектеп мұражайларының қызметкерлеріне М.Жылқыбаеваның еңбектерін таныстырды.

 

 

Болат Шарахымбай:

– Мағрипа Жылқыбаева – Алтын адамның тостағандағы жазуын фундаменталды тұрғыда ғылыми әдіспен зерттеген жалғыз ғалым. Күміс тостағанның қорғаннан шыққанына 50 жыл болса, Мағрипа Шөжеғұлқызы соның 30 жылын таңбаларды зерттеп, мәнін қағазға түсірумен болған. Ғалым 26 таңбадан үш томдық мәтін шығарған. Одан да ары тереңдеп, бұл таңбалардың 49 қабаты бар екенін анықтап, жаратылыстану, гуманитария ғылымдарына керекті орасан мол мәлімет шығарды. Бұл деген әлемде болмаған сенсация! Ғалымның еңбектерін баспадан толық шығаруды  үкімет қолға алғаны жөн.  

Ғылымда жаңа саланың негізін қалаған ғалымды замандастары бірден түсінбейді. Бұл тарихтан белгілі. Әйгілі химик Д.И.Менделеевті де өз кезінде мойындамай, ашқан жаңалықтары кейін шындыққа айналды емес пе? Уақыт өте келе Мағрипа Жылқыбаеваның формулалары да шындыққа айналуда. Республикада қанша Алтын адам табылды? Бесеу ме? Ғалым апамыз әлемде қанша Алтын адам бар екенін алдын ала жазып кеткен. Алтын адам жатқан қорғандардың қайсысын қалай ашу керек, табылған заттардың қандай ғылыми мәні бар? Соның бәрін айтып кетті. Бұл кісінің мықтылығы сонда. 

 

Ертай Айғалиұлы:

– 2000 жылдардың ортасында, мен «Ана тілі» газетінде істеп жүргенде Мағрипа Шөжеғұлқызы  Алтын адам жазуы бойынша ашқан жаңалықтарын таныстыратын мақаласын редакцияға әкелді. Мен ол кісінің мақалаларын оқығанда ой-тұжырымдарына қызығатынмын. Бұған дейін жазудың оқылуының 12 нұсқасы бар дей ме? Бірақ олар бұл таңбалардың мағынасын ашпаған ғой. Ал физик ғалымның еңбегі әр таңбаның 49 қабатын ашуымен құнды.

 

Шаяхмет Құсайынұлы:

– Мен ең алғаш Мағрипа  Шөжеғұлқызын 2005 жылдың жазында көрдім. Қолында Алтын адам туралы мақаласы бар, «Қазақстан-Заман» газетінің редакциясына кіріп келді. Мен журналист болып осы ұжымға жаңадан кіргем, ал апамыз болса бұрыннан көптеген өзекті мақалалар жазған, оқырмандарға танымал. Елананың жанына келіп бәріміз сәлем бердік. Ол біздің сәлемімізді жылы қабылдап, өткір де, өзекті, оқырмандар сусындап оқитын мақалаларын бас редакторға табыстап кетті.

Өзім Алтын адам мекенінен болғандықтан маған бұрыннан таныс, ертеректе Еңбекшіқазақ ауданының Түрген ауылынан табылған күміс тостаған туралы ғалым жазған мақаланы көзім шалды. Мүмкін бұл мақала бұдан да ертерек жазылған шығар. Кезінде күміс тостағанның табылғаны жайлы мақала жазғаным есіме түсті. Түрген ауылының маңындағы ашық алаңға соқа түсіп, жер жыртылған. Сол қазылған жерден көне жәдігер тостаған жарқ ете қалады. Мақала жазу үстінде, жиегіндегі майда жазуларға көзім түсті. Ол маған өрнектелген жиек сияқты көрінді. Әріптер екенін түсіндім. Шіркін, мұнда не жазылды екен деп ойладым. Сүйтсем мұндағы жазуды,  ғалым Мағрипа Жылқыбаева «МАИН ЕР ТҮРІКТІҢ ТЕГІ» деп тайға таңба басқандай етіп талдап беріпті. Міне, мықтылық! Бұл туралы «Түркі әлемі» газетіне мақала жариялаған болатын. Біз бүгін Мағрипа Жылқыбаеваның ғалымдық, журналистік қырына ғана тоқталдық. Негізі физика-математика саласына сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Айта берсек, істеген еңбегін айтып тауыса алмаймыз. Жалпы, қарым-қабілет тұрғысынан Мағрипа Жылқыбаеваның деңгейіне жеткен ғалым әлемде жоқ десек болады.

 

Нұрғайша Оразбекқызы,

В.Терешкова атындағы орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Есік қаласы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста