4 маусым – мемлекеттік рәміздер күні

4 маусым – мемлекеттік рәміздер күні

Бүгін Қазақстан халқы мемлекеттік рәміздер күнін атап өтеді

Бүгін  мемлекеттік рәміздері күні. 1992 жылы 4 маусымда Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. 2007 жылдан бастап қазақстандықтар бұл күнді мерекелей бастады.

Мемлекеттік ту, елтаңба және әнұран мемлекеттің негізгі рәміздері саналады. Олар – мемлекеттің мызғымас негізінің бірі, тәуелсіздігіміздің басты құндылықтарының көрінісі. Сондай-ақ бейбітшіліктің, бірлік пен келісімнің, өсіп-өркендеудің белгісі.

Мемлекеттік рәміздердің авторы кім

1992 жылы мемлекеттік символиканы дайындау бойынша жұмыс тобы құру туралы қаулы қабылданып, арнайы шығармашылық комиссия құрылды. Оның құрамына белгілі заңгерлер мен қоғам қайраткерлері кірген. Содан кейін елтаңба, ту, әнұран жобасын жасауға конкурс жарияланды.

Рәміздердің үлгісі бойынша конкурсқа 600-ден астам адам қатысты. Оның ішінде мемлекеттік ту эскизі бойынша 1200 өтінім түскен. Оның ішінде суретші Шәкен Ниязбеков салған мемлекеттік ту бекітілді.

Елтаңбаның 245 сурет жобасы мен 67 кескіндемесі  ұсынылды. Елтаңба жобасы конкурсында сәулетші Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлихановтың еңбегі үздік деп танылып, қазіргі нұсқа бекітілді.

2018 жылы елтаңбада "Қазақстан" жазуы латын графикасымен QAZAQSTAN деп берілетін болды.

Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков мемлекеттік рәміздер жобасының конкурсында 50 жасында қатысқан. Ол кезде рәміз авторы Өзбекстандағы Самарқандтың бас сәулетшісі болған.

"Отанымда осындай тарихи оқиғалар болып жатқан кезде шетте қала алмадым. Сол себепті конкурсқа қатыстым. Конкурсқа 300-ге жуық эскиз түскенін де білдім. Талқылау кезеңінде елтаңбаға күн, ай, жұлдызды қосуды ұсындым. Кей депутат айды ислам фундаментализмінің, ал жұлдызды – кеңестік кезеңнің символы деп санады", - деді Мәлібеков.
Алайда соңғы сөз Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевқа берілді. Ол жұлдыздың кеңес өкіметіне де, дінге де ешқандай қатысы жоқ екенін айтқан.


1992 жылы конкурсқа әнұранның 750 нұсқасы түсті. Қабылданған әнұран авторлары – Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский мен Латиф Хамиди. 2006 жылы жаңа мемлекеттік әнұран қабылданды. Жаңа әнұранның авторы – Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

Ал жаңа әнұран ретінде халықтың арасында кеңінен танымал "Менің Қазақстаным" әні таңдалды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді.

sputnik.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста