Талғат Шегенов белдесуге сынған қабырғамен шығып, «алтын» жеңіп алды

Талғат Шегенов белдесуге сынған қабырғамен шығып, «алтын» жеңіп алды

Қазақстандық балуан Талғат Шегенов ІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойынында қазақша күрестен кілемге сынған қабырғамен шықты. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне қазақша күрестен Ұлттық штаттық команданың бастығы Нұрлыбек Ермағамбетов айтты.

Ол жарақатты жиын барысында алған, бірақ, оған қарамастан, қазақша күрестен жарысқа қатысып, алтын иеленді. Талғат Шегенов 60 келіге дейінгі салмақта күресті. Ақтық белдесуде оның қарсыласы қырғызстандық Айдин Мұхтаров болды. Жекпе-жек аяқталған соң, Талғаттың сынған қабырғасына қолын қойып шығып бара жатқаны бейнежазбадан байқалады.+

«Оның қабырға сүйегі сынған. Ол жарақатты Таразда өткен оқу-жаттығу жиындарында алды. Біз оны қырғыз күреске шығаруды жоспарлап едік, бірақ, мемлекеттік жаттықтырушы рұқсат бермеді. Кеше біз жарыстарға қатысты талдау жасадық. Мен оған спарринг-серіктес болып, тәсілдерді көрсеткім келді, бірақ, оның жарақаты қатты ауырды. Қабырғаның сынғандығынан енді дем алуы да қиындап кетті. Енді ол толық жазылғанға дейін дем алады», - дейді Нұрлыбек Ермағамбетов.
Талғат Шегеновтің орнына қырғыз күрестен жарысқа Айтқали Әділбек шықты.
«Айтқали биыл республика чемпионатында 55 келіге дейін салмақта үшінші орын алды. Біз оны жиынға шақырдық, бірақ, ол жас, әлі көп тәжірибе керек. Оның салмағы 63 келіге жуықтады. Сөйтіп, Айтқалиді дайындап, басқа санатқа ауыстырдық. Кеше ол жақсы күресіп, екінші орын алды», - дейді команда басшысы.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста