Шығыста қазақ күресінен халықаралық турнир өтеді

Шығыста қазақ күресінен халықаралық турнир өтеді

Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданына қарасты Ақсуат аулында қазақ күресінен халықаралық турнир өткелі отыр, деп жазады"Алаш айнасы".

Қазақ күресінің айбыны асқақтайтын айтулы турнирге алыс-жақын 19 елден және еліміздің барлық өңірінің балуандары қатысады деп күтілуде. Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Әзербайжан, Армения, Грузия, Белоруссия, Латвия, Украина, Корея, Моңғолия балуандары бел буып дайындалып жатыр.
Осы турнирде оза шауып, жүлде алғандар сый-сыяпатсыз қалмайды. Түйе палуан атаған спорты 10 мың АҚШ долларын, екінші орын 5, үшінші орынға тұрақтаған балуан 2 мың АҚШ долларына ие болмақ.
Бұл турнирге қатысу үшін балуандардың арнайы лицензиясы болуы — шарт. Бүкіләлемдік күрес ережесі бойынша мұндай лицензия салмақ өлшер алдында табысталады. Бірақ ол үшін 110 АҚШ доллары төленуі — шарт.
Дүбірлі додада балуандар екі дәрежеде күреседі. Өгіз палуандыққа таласатындар 80 келіге дейін салмақта бақ сынаса, түйе палуандықты сарапқа салатындар 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түспекші.
Турнир 15-16 мамыр күндері Ырғызбай Досханаұлы атындағы мемориалдық кешенде өтеді.

Жанкелді Қаржан

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста