ҚР қазақ күресі федерациясының кубогын Семейлік балуандар жеңіп алды

ҚР қазақ күресі федерациясының кубогын Семейлік балуандар жеңіп алды

3-5 желтоқсан күндері аралығында Тараз қаласында Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орайластырып ҚР қазақ күресі федерациясының І кубогы өтті. Клубтық командалар арасында алғаш рет ұйымдастырылған додаға еліміздің барлық аймағынан 16 клубтық команда қатысып, жүлделі орындарды сарапқа салды.
Жүлде қоры 20 млн. теңгені құраған қазақ күресінің аламанын өткізуге ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы, Жамбыл облысының әкімдігі қолдау көрсеткенін еректе атап өтеміз.
55, 60, 66, 74, 82, 90, 100 және + 100 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде өнер көрсетті. Кубоктың алғашқы күнінде 14 команда күш сынасса, олардың арасынан Жамбыл және Қызылорда облысының қазақ күресі клубтарына финалдық кезеңге іріктеусіз жолдама берілді. Алғашқы күнгі іріктеу сындарынан 6 команда сұрыпталды.
Финалдық белдесулерде сынға түскен командалар:
Жамбыл облысы қазақ күресі клубы, «Алаш арландары» Қызылорда облысы қазақ күресі клубы;
Алматы қаласы, Алматы облысы және Қарағанды облысы жоғары спорттық шеберлігі мектебінің командалары;
Оңтүстік Қазақстан облыстық Ұлттық спорт түрлері бойынша мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің командасы; Семей мемлекеттік медицина университетінің командасы; ШҚО, Тарбағатай ауданы М.Имашев атындағы балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі командасы;
Финалдық сынның алғаш айналымында Жамбыл облысының қазақ күрес клубы қызылордалық «Алаш арландары» клубымен жолы түйісіп, 3:5 есебімен есе жіберді.
Өз кезегінде Алматы қалалық жоғары спорт шеберлігі мектебінің командасы Оңтүстік Қазақстан облысының балуандарымен кездесіп, 6:2 есебімен басым түсті.
Қарағанды облысының жоғары спорттық шеберлігі мектебінің командасы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының М.Имашев атындағы балалар мен жасөспірімдер арасындағы спорт мектебі командасымен жолдары түйісіп, кездесу нәтижесінде 4:4 есебімен Тарбағатай құрамасы келесі кезеңге жолдама алды (Таза жеңістің сапасы бойынша Тарбағатай командасы келесі кезеңге өтті).
Алматы облысының жоғары спорттық шеберлігі мектебінің командасы Семей мемлекеттік медицина университетінің командасымен күш сынасып, айқын басымдылықпен Семей мемлекеттік медицина университетінің командасы 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Жартылай финалда Алматы қалалық жоғары спорт шеберлігі мектебінің командасы Қызылорда облысының «Алаш арландары» қазақ күресі клубымен кездесіп 4:4 есебімен Сырдың білекті жігіттерінің мерейі тасыды (Таза жеңіс сапасы бойынша Қызылорда облысы финалға өтті).
Екінші жұпта Семей мемлекеттік медицина университеті мен ШҚО Тарбағатай ауданының М.Имашев атындағы балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің командасы кездесіп, семейліктер 5:3 есебімен басымдық танытты.

Финалдық кезең.
Бірінші жұптың кездесуі:

Жамбыл облысы қазақ күресі клубы - «Алаш арландары» (Қызылорда облысы) 3:5
55кг. Кеулімжай Абылайхан - Райсов Бауыржан: 0:1
60 кг. Сайлаубай Жеңіс - Сержанов Дархан: 0:2
66 кг. Ораз Нұрдаулет - Жақсыбеков Ерлан: 0:3 
74кг. Орынбаев Әлімұхан- Әбдірахманов Ғалымжан: 1:3
82кг. Пахриденов Даулет - Есенов Жайдарбай: 2:3 
90 кг. Айтбек Айбол- Исағабылов Мақсат: 3:3
100 кг. Теңгебаев Айдос - Сәлімгереев Нұрым: 3:4
+100 кг. Ыстыбаев Бейбіт – Ерғалиев Еламан: 3:5

Екінші жұптың кездесуі:
Алматы қаласы ЖСШМ – ОҚО 6:2
55 кг. Нигматуллаев Марат - Жайылбек Ақтөре: 1:0
60 кг. Қырғызбаев Ғұсман - Төленбай Қасымхан: 2:0
66 кг. Қырғызбаев Ғұмар - Қалтаев Мейржан: 3:0
74 кг. Төлемісов Аманкелді - Барбанов Бақытжан: 4:0
82 кг. Насиев Елдар - Бекқұлы Әл-Фараби: 5:0
90 кг. Жұмахметов Әлімжан - Ыстыбаев Әділжан: 5:1 
100 кг. Демьяненко Виктор - Шамшидинов Қайсар: 6:1
+100 кг. Ысмағұлов Бақыт - Ерсұлтанов Жұманазар: 6:2

Үшінші жұптың кездесуі:
Қарағанды облысы жоғары спорттық шеберлігі мектебі – ШҚО, Тарбағатай ауданы М.Имашев атындағы балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің командасы: 4:4
55 келі: Нариман Тұтқышев – Жандос Ғизат: 0:1
60 келі: Медет Бозов – Еркебұлан Қосаев: 0:2
66 келі: Медет Адыханов – Сұлтан Бейбарыс Сүлейменов: 1:2
74 келі: Қайрат Ағыбаев – Қуаныш Мұратов: 2:2
82 келі: Айдос Ғалымов – Елдар Зәріпханов: 3:2
90 келі: Бекзат Ахметбеков – Мақсат Мәзбаев: 3:3
100 келі: Асыл Барменов – Мереке Тұрашев: 4:3
+ 100 келі: Балуан жоқ – Әділ Оразбаев 4:4 (Таза жеңіс сапасы бойынша жеңіс Тарбағатай командасына берілді).

Төртінші жұптың кездесуі:
Алматы облысы, ЖСШМ – Семей мемлекеттік медицина университеті: 2:6
55 келі: Мейірлан Рамазанов – Айдос Сейпілұлы: 0:1
60 келі: Аманкелді Сатыбалдинов – Қуаныш Ысқақов: 1:1
66 келі: Әбілқайыр Мәуленин – Төлеген Нұрғалиев: 2:1
74 келі: Ғайнолла Есенғалиев – Елдар Бейсембаев: 2:2
82 келі: Тоқтар Қарқатеров – Ерасыл Қайырбек: 2:3
90 келі: Жігер Сәкенұлы – Әсет Ахметжанов: 2:4
100 келі: Александр Касечев – Мұхит Тұрсынов: 2:5
+ 100 келі: Айдос Қаңлыбаев – Айбек Нұғымаров: 2:6

Жартылай финалдық кездесулер (бесінші белдесу)
Алматы қаласы, ЖСШМ – Қызылорда облысының «Алаш арландары» клубы: 4:4
55 келі: Марат Нигматуллаев – Бауыржан Райысов: 1:0
60 келі: Ғани Келдіқұлов – Дархан Сержанов: 1:1
66 келі: Ғұмар Қырғызбаев – Ерлан Жақсыбеков: 2:1
74 келі: Аманкелді Төлемісов – Ғалымжан Әбдірахманов: 3:1
82 келі: Елдар Нәсиев – Жайдарбай Есенов: 3:2
90 келі: Әлімжан Жұмахметов – Мақсат Исағабылов: 3:3
100 келі: Виктор Демьяненко – Нұрым Сәлімгереев: 4:3
+ 100 келі: Бақыт Ысмағұлов – Еламан Ерғалиев: 4:4
(Таза жеңіс сапасы бойынша жеңіс Қызылорда облысына берілді)

Семей мемлекеттік медицина университеті – ШҚО, Тарбағатай ауданы М.Имашев атындағы балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі: 5:3 (6-шы белдесу) 
55 келі: Айдос Сейпілұлы – Жандос Ғизат: 1:0
60 келі: Қуаныш Ысқақов – Еркебұлан Қосаев: 2:0
66 келі: Төлеген Нұрғалиев – Сұлтан Бейбарыс Сүлейменов: 2:1
74 келі: Елдар Бейсенбаев – Қуаныш Мұратов: 3:1
82 келі: Ерасыл Қайырбек – Елдар Зәріпханов: 3:2
90 келі: Әсет Ахметжанов – Мақсат Мәзібаев: 3:3
100 келі: Мұхит Тұрсынов – Тұрашев Мереке: 4:3
+ 100 келі: Ерасыл Қажыбаев – Әділ Оразбаев: 5:3

Үшінші орын үшін белдесу:
Алматы қаласы, ШВСМ – ШҚО, Тарбағатай ауданы М.Имашев атындағы балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі: 6:2
55 келі: Марат Нигметуллаев – Жандос Ғизат: 1:0
60 келі: Ғұсман Қырғызбаев – Еркебұлан Қосаев: 2:0
66 келі: Ғұмар Қырғызбаев – Сұлтан Бейбарыс Сүлейменов: 3:0
74 келі: Амангеллі Төлемісов –Қуаныш Мұратов: 4:0
82 келі: Елдар Нәсиев – Елдар Зәріпханов: 4:1
90 келі: Әділжан Жұмахметов – Мақсат Мәзібаев: 5:1
100 келі: Виктор Демьяненко – Мереке Тұрашев: 6:1
+100 келі: Бақыт Ысмағұлов – Әділ Оразбаев: 6:2

Финалдық белдесу:
Қызылорда облысы, «Алаш арландары» - Семей мемлекеттік медицина университеті: 1:7
55 келі: Бауыржан Райысов – Айдос Сейпілұлы: 0:1
60 келі: Дархан Сержанов – Қуаныш Ысқақов: 0:2
66 келі: Ерлан Жақсыбеков – Төлеген Нұрғалиев: 0:3
74 келі: Ғалымжан Әбідарахманов – Елдар Бейсембаев: 0:4
82 келі: Жайдарбай Есенов – Ерасыл Қайырбек: 1:4
90 келі: Мақсат Исағабылов – Әсет Ахметжанов: 1:5
100 келі: Айбек Серікбаев – Мұхит Тұрсынов: 1:6
+100 келі: Руслан Әбдіразақов – Айбек Нұғымаров: 1:7

Қорытынды:
1-орын: Семей мемл. медицина унив. Командасы: 10 млн.
2-орын: Қызылорда, «Алаш арландары» клубы: 5 млн.
3-орын: Алматы қ., Жоғары спорттық шеберлік мектебі: 2 млн.
4-орын: ШҚО, Тарбағатай ауданы, М.Имашев атындағы балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі: 800 мың теңге.
5-орын: Алматы облысы Жоғары спорттық шеберлік мектебі: 700 мың теңге
6-орын: Жамбыл облысы қазақ күрес клубы: 600 мың теңге
7-орын, ОҚО облыстық мамандандырылған ұлттық спорт түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі командасы: 500 мың теңге
8-орын: Қарағанды облысы, Жоғары спорт шеберлігі мектебі командасы: 400 мың теңге 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста