"Қазақстан барысында" палуандар қазақша күресіп жүрген жоқ
Редакциядан: Бірден айтайық, бұл мақала тырнақ астынан кір іздеп, әлдекімді аяқтан шалу немесе азаматтардың жасаған жұмыстарын жоққа шығару үшін жарияланған жоқ. Мақсатымыз - ұлттық құндылығымыз - қазақша күреске араша түсу! Мақала авторы Өтеп Молдабек ағамыз 65 жастағы ардагер спортшы. Айтып отырған ойлары өте салмақты. Әдейілеп Оралдан келіп "Қазақстан барысы" турнирін көріп қайтты. Және бұл жолы да бұрынғы қателіктердің қайталанғанын байқапты.
Қазақ күресін насихаттауға соңғы жылдары ерекше көңіл бөлініп келеді. Бұл істің басы-қасында жүрген Арман Шораев бауырымның атқарған жұмысы ұшан-теңіз. Биыл бесінші рет өткізілген "Қазақстан барысы" турнирі арқылы қазақ күресімен айналыстындардың қатарын көбейтіп, әсіресе, жастардың арасында үлкен қызығушылық тудыра алды. Дүние жүзінің қазақ күресіне назарын аударды. "Еуразия барысы", "Әлем барысы" турнирі өтті. Теңіз асып келген кубалық спортшының қазақ күресінде жеңімпаз болғанын көріп мерейіміз көтерілді. Арман бауырымыз мәрттік танытып, палуандар үнемі қомақты сыйлықтармен марапатталуда. "Қазақстан барысы" турнирінің ұйымдастырылуына, өткізілуінде еш мін жоқ. Спортқа жанашырлық деген осындай болу керек.
Бірақ, Арман Шораевтың соншама мол қажыр-қайрат жұмсап жасаған жұмысы қазақ күресінің құрып кетуіне себеп бола ма деп қорқамыз. Оған Арманның еш кінәсі жоқ. Ол мықты менеджер, ұтымды ұйымдастырушы. Турнирді үнемі абыроймен атқарып жүр, биыл тіпті Елбасының өзі келіп тамашалады. Алайда, ол палуан емес. Күрестің қыр-сырын, нәзік тұстарын біле бермейді. Сондықтан, білетін мамандардың, қазақ күресінің шеберлерінің көмегіне жүгінеді. Міне, барлық проблема осы мамандардан туып отыр.
Бізді алаңдататын басты мәселе - қазақ күрестің ережесінің бұзылуы. Қазақ күресінен алғаш рет 1937-39 жылдары салмаққа бөлініп жарыстар өткізілген. Алғашқы жазбаша ереже 1955 жылы жасалған, авторы Мұзафар Райымқұлов. Кейін 1970 жылы Металбек Болғанбаев ағамыз Матущак, Айханов, Байдосов, Бұғыбаевтарды автор деп жазып жаңа ереже ұсынған.
Міне, дәл осы кезден бастап қазақ күресінің ережесі бұзыла бастады. Себебі, Металбек Болғанбаев жазған ереже бойынша қазақ күресі самбоға көбірек ұқсап кеткен еді. Ол кезде біз студентпіз. Самбо бізге енді келіп жатқан уақыт, дзюдо әлі танылмаған. Металбек ағайға неге бұлай болды деп сұрақ қойдық. "Қазақ жастары көбірек самбомен айналысуы үшін солай жасадым. Самбо әлемдік ойын, біз үшін қазақ күресінің самбоға ұқсағаны тиімдірек" деді.
Содан бастап қазақ күресінің ережесі түзелмей келеді. 1990 жылы Ә.Айханов, 1993 жылы Бауыржан Жаналин ережені қайталап жазды. Көп жақсы өзгерістер енгізіді. Бірақ, ұлттық нақышына қайта келтіре алмады.
Ал, қазіргі қолданыстағы ережені жазғандар Диханбай Биткөзов, Марат Жахит және Серік Төкеевтер. Міне, қазақ күресінің ережесін одан әрі бұзып, болашағына қауіп төндіріп отырған осы кісілер деп айтуға болады. Бұл ағаларымызды біздер "диктаторлар" дейміз. Себебі, қазақ күресінен өтетін жарыстардың нәтижесі палуандардың мықтылығына емес, бас төрелік жасайтын осы кісілердің шешіміне тікелей бағынышты болып қалды.
Хош, алдымен киім мәселесіне келейік. Қазіргі палуандардың формасы бір түсті, тек қызыл немесе көк жолақтары ғана бар. Балағы тізеден жоғары шортик киеді. Өздеріңіз білесіздер, қазақ ешқашан балағын тізеден жоғары түрмеген. Ол анайылық болып саналған. Сондықтан шалбардың балағы тізеден бір қарыс төмен болуы тиіс. Оның бір қажеттілігі мынада - біз қазақ күресін насихаттап, дамытудағы мақсатымыз оны кейін олимпиадалық ойындардың қатарына қосу ғой. Сондықтан бүгіннің өзінде қазақ күресімен қыздар да айналысуы керек деген мәселе көтерілуде. Егер қыздар да күресетін болса шортик киіп шығуы қалай болады? Ол ұлттық руханиятымызға үйленспейді ғой.
Күртешесін осылай қалдыруға болады. Тек екі палуан екі түсті киім кигені жөн. Себебі, күрес өткізілетін стадиондардың радиусы 200-300 метр болады. Екеуі де ақ киімдегі палуандардың қайсысы қандай әдіс қолданып жатқанын киіміндегі қызыл немесе көк жолақтарға ғана қарап айыру қиын. Әдіс-тәсілдерді дәл жасаған кезінде қарап ләззат алмаған көрменнің күреске ықыласы суып қалады. Аяқ киім табаны жұқа самбовка болғаны дұрыс. Жалпы, ұлттық күрес басқалардан ерекшеленіп тұру керек. Қазақша күресті күрестен хабары жоқ адам қараса, қандай ұлттың күресі екенін бірден айыра алмайды. Ал, сумо немесе моңғолдардың күресін көрген адам қай ұлттың спорты екенін бірден айырады.
Екінші, палуандарға баға беру туралы. Қазіргі қолданыстағы ауысып жылжып отыратын 5 графасы бар таблицаны алып тастап, кәдімгі күрестің таблоларын қою керек.
3 бүк - 1 жамбас береді.
2 жамбас - 1 жарты жеңіс.
2 жартылай жеңіс - 1 таза жеңіс береді.
1 ескерту бүк берсе, 2 ескерту жамбас береді. Осындай күрделі ереже мыңдаған көрермен мен миллиондаған телекөрерменге мүлдем түсініксіз. Кім жеңгенін төреші палуанның қолын көтергенде ғана түсінеді.
Айта кетейік, мұнда да ереженің жазған автор (Серік Төкеев) жапондардан тікелей көшіре салған. Бүк - коко, жамбас - юко, жартылай жеңіс - ваззари, таза жеңіс - ипон. 2009 жылы Зейнолла қажы Тілеутаевтың турнирі өтіп жатқанда бір күні тәңертең Марат Жахит ағамыз ұйқыдан тұрған соң "жапондар коконы алып тастапты, біз де бүкті құртайық" деді. Сөйтіп, бұрынырақта 10 бүкті бір жамбас жеңетін болса, қазір 3 бүкті бір жамбасқа теңеп қойды.
Қазақ күресінде ұпай цифрлармен берілсе, жеңіс ұпаймен беріледі, тең түссе сапасына қарап беріледі, ол да тең болса соңғы ұпай шешеді. Ол жағдайда 3 қоянды 1 оқпен алар едік
Қарсыласынан салмағы 40-50 келі артық тартатын палуан, тіресіп уақыт созып, бар күшін ұстасуға апаруға салмас еді.
Екі палуанды 3 төреші қаумалап (ұстастырып) ұятқа қалмас едік.
Палауандар сумо күресіндегідей бірін-бірі итерісіп жеңіс алмас еді!
Кең байтақ қазақ жерінде "бәленді түген жыққан, түгеншеден жығылған", "пәлен түгенді іздеп барып күресіп, ана палуаннан мына палуан бата алған" дейтін деректер жеткілікті. Бірақ пәлен деген палуанның жеңілуіне түгенше деген төреші себепкер болды дегенді естіген кісі бар ма? Жоқ!!! Неге олай? Себебі, қашан да төрелік әділ болған. Диктаторға айналған кілем жетекшісі болмаған, (бригада) - қапталдағы төреші және жоқ. Жауап осы. Ал, қазір былай - палуандардың бірі жасаған әдіске қапталдағы төрешілер өз бағасын береді. Оларды кілем жетекшісі "бері келіңдер" деп шақырып алады. "Неге бересіңдер ұпай, дұрыс емес" деп көзін алартады. Әлгі қапталдағы екі төрешінің бірі сол арада "сынып" қалады. Сынбайын десе, диктатор отыр, оның ар жағында палуанды ақша шығарып алып келген демеушісі және бар, сондықтан амалы қалмайды.
Келесі басты мәселе Қазақ күресінің ережесін сақтау, мейлінше бұрынғы ұлттық ұстанымдарға жақындату.
Ұлттық күресімізде дзюдо, самбо, грек-рим және еркін күрестердегідей партер, ауырту, қылғындыру т.с.с. тәсілдер жоқ. Төрешілік ету көп жеңіл!
Сондықтан төрешілік ету былай жүзеге асуы керек: төреші – 1 адам+ видеоқайталау+бас төреші.
Бір төреші әділдіктің, тазалықтың кепілі. Үш төреші - сыбайластыққа жол ашады. Мұндай жағдайда оларды 2014 жылғыдай алдын ала үй қамаққа алып мазақ болмас едік. Сыбайласатындар 15 сағат емес, 15 күн бұрын қамап қойсаң да сыбайласып алады. Төрешілерді турнир басталардан бұрын оқшаулау күлкілі әрі нәтижесіз нәрсе. Сенімсіз төреші кімге керек? Кілемде күрестің тағдырын төреші емес, палуандар шешуі керек. Жалғыз төрешіден болса турнирге 4-5 төреші қазылық жасап та, уақытымен демалып та үлгереді.
Палуандардың әдістерін бағалау былай жүргізілуі керек:
1 ұпай
Жамбасқа құласа
Екбетінен құласа
Төрт тағанға түссе
Тізесі тимей ұзыннан түссе
Қолын кілемге тіресе
3 ұпай
Бір иығы тиіп қырынан құласа
Таза жеңіс
Екі жауырыны тисе
Көпірге тұрса
3 рет 3 ұпай алса
Аяқтан ұстаса
Үш ескерту алса
Төреші күресті себепсіз тоқтатпауы тиіс. Тоқтатқан екен я ұпай беру керек, я ескерту беру керек. Мұндай жағдайда көремендер бәрін көріп-біліп отырады. Қарсыластардың жасаған әдістеріне сай алған ұпайлары таблоға бірден шығып тұрады.
Қорыта келгенде айтарымыз, бүгінгі "Қазақстан барысында" палуандар қазақша күресіп жүрген жоқ. Күресіміз дзюдоға көбірек ұқсап кеткен. Сондықтан, қазақ күресінің жанашырлары, әсіресе Арман Шораев бауырымыз біздің айтқандарымызды назарға алып, "Қазақстан барысы" турнирін өткізген кезде қазақ күресінің нағыз ұлттық ережелерін қолданса дейміз. Себебі, бүкіл әлем көз тігіп отырған "Қазақстан барысындағы" дзюдодан алынған, қазақ күресіне жат ережелерді басқалар қазақ күресі деп қабылдайды. Ал ол өз кезегінде ұлттық күресімізді біржолата жоқ қылып жіберуі мүмкін.
Өтеп Молдабек, қазақ күресінен спорт шебері, ардагер спортшы
Орал қаласы.
Автор туралы: 1955 жылы шыққан ережеден бастап күрескен. 1975жылы Павлодар қаласының чемпионы. 1983 жылы Оралда, 1987 жылы Фурманов селосында өткен облыс біріншіліктерінің абсолюттік салмақтағы чемпионы. 1987 жылы Республикалық турнирдің абсолюттік чемпионы. 1987, 2000, 2005 жылдары ережеге өзгрістер енгізуге ұсыныс білдірген.

shyn.kz
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу