«Қазақстан барысы»: Еламан Ерғалиев те жарысты ерте аяқтады
Елордадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде өтіп жатқан «Қазақстан барысы-2023» республикалық турнирінің бірінші айналымында 2017 жылғы жеңімпаз Еламан Ерғалиев «Әскер барысы» Ғалымжан Қырықбайдан жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.
Әуелі Маңғыстау облысының балуаны Ғайса Қалмұхановты жеңген Еламан Ерғалиев екінші белдесуінде ұтылып қалды.
Бұған дейін турнирдің 2021 жылғы жеңімпазы Дәурен Нұралинов те жарысты ерте аяқтаған болатын.
Еске салайық, биыл «Қазақстан барысы» турнирі жылдағыдан өзгеше өтіп жатыр. Жаңа облыстардың ашылуына байланысты жарысқа қатысушылардың саны артқан. Нақтырақ айтсақ, 41 палуан бақ сынауда. Оның ішінде 33 палуан облыстардан, 2 спортшы «Әскер барысынан» және 3 қаладан тағы 6 спортшы қатысуға мүмкіндік алды.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, турнирдің жалпы жүлде қоры – 40 млн теңге, оның ішінде жарыс жеңімпазына 25 млн теңге сыйақы беріледі.