«Қазақстан барысы» болған Дәурен Нұралинов жарысты ерте аяқтады
«Қазақстан барысының 2021 жылғы жеңімпазы Дәурен Нұралинов биылғы жарысты ерте аяқтады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.
Дәурен Нұралиновтың бұл жолғы қарсыласы 23 жастағы жамбылдық жас балуан Данил Федоров еді. Тартысты айқас «белдесу» кезеңіне ұласып, ақырғы сәтте жас балуан айласын асырып кетті.
Еске салайық, биыл «Қазақстан барысы» турнирі жылдағыдан өзгеше өтіп жатыр. Жаңа облыстардың ашылуына байланысты жарысқа қатысушылардың саны артқан. Нақтырақ айтсақ, 41 палуан бақ сынауда. Оның ішінде 33 палуан облыстардан, 2 спортшы «Әскер барысынан» және 3 қаладан тағы 6 спортшы қатысуға мүмкіндік алды.
Турнир осы уақытта елордадағы «Барыс Арена» стадионында өтіп жатыр.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу