«Қазақстан барысы» қазақ күресінен турнир өткізуге бөлінген 1,075 млрд теңге бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығын тексеріліп жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлім етті.
“Басшылардан, мердігер өкілдерінен жауап алу, тінту және құжаттарды алуды қамтитын тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпарат жария етуге жатпайды.”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұдан бұрын депутат ел балалары Art Sport жобасына бөлінген миллиардтартың игілігін көре алмағанын айтқан еді.