О дүниеге кетіп қалуым мүмкін: Бейбіт Ыстыбаев өзіне қысым жасалғанын айтты

О дүниеге кетіп қалуым мүмкін: Бейбіт Ыстыбаев өзіне қысым жасалғанын айтты

"Қазақстан барысы" турнирінің 3 дүркін чемпионы, дзюдодан Қазақстан чемпионаттарының жүлдегері, қазақ спортшысы Бейбіт Ыстыбаев ауқымды сұхбат берді. Спортшы спорттағы кемшіліктер мен жетістіктер, өмірдің ақ пен қарасы, азаматтық ұстанымдағы жайлы айтты. Өзіне тиесілі табысы мен мүлкі жайлы ашық баяндады stan.kz.

 

Бұл туралы "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында айтылды.

 

Бейбіт Ыстыбаев Жамбыл өңірінің тумасы. Спортшы спорттан кеткенмен әлі де бұл салаға жақын. Өзін ақыл тыңдайтын уақыттан өткенін айтады. Отбасы, спорттағы мансабы мен ұстанымдары жайлы баяндады. 

 

"Мен кезінде телевизор үшін, кілем үшін де күрестім. Ол жаңа күресіп жүргенде. Түйе үшін күрестім. Кейін тек көлік үшін ғана күресетінмін. Ол кезде мен өзіме сенімді едім. Спортшы майдаланбау керек. Қанша қалтамда ақша болмаса да, ақша керек болса да, өзімнің ұтатынымды білсем де жарыстарға қатыспайтынмын. Өзіме тек көлік үшін күресем деп шарт қойған едім. Себебі, Қазақстанның қай аумағы болсын барып, күресіп келетінмін. Жалғыз барып, көлік айдап қайтып жүрдім. Бір аптада 3 көлік ұтқан кездерім болды. Тек Шығыс Қазақсанға барғанда көлік ұта алмадым. Оны мойындау керек. Ол кезде жаспын. Жасым 20-дан асқан кездер. Қазақстан барысына ең бірінше қатысқанда да өзіме 100 пайыз сенімді болдым. Мен ұтамын деп сендім. Қарсыластарыма "бармай-ақ қойсын, мен бара жатыр деп айт" дейтін едім", - деді Ыстыбаев.

 

Бейбіт Ыстыбаевтың руы Шапырашты. Алайда мұның өз мансабында еш қатысы жоқ екенін айтады.

 

"Маған көпшілігі сондай көзқараспен қарайды. Бірақ мен ешкімнің ешқашан орын сұраған емеспін. Ешқашан біреуден сұрап жеңісті алған емеспін. Маған  тек қысым жасалмаса болды деп сұрайтынмын. Себебі, маған жасалған қысымдар болды. Сондай жасалмаса екен дедім. Мен ешқашан президент болмаймын. Мен министр де, әкім де болмаймын. Әрі кетсе, министрдің кеңесшісі болуым мүмкін. Одан әріге бармаймын. Спорттан кеткен Көкірекбаев ағамызға өзім жұмыс сұрап бардым. Телефон арқылы "звонок" жасатқан жоқпын. Басшылық қызмет ұсынды, бас тарттым. Орынбасар болайын дедім. Мен егер мансап қусам, маған талай жол ашылды. Ұсыныстар болды. Мен бас тарттым. Маған қызмет ұнамайды. Қызмет, мансап, ақша адамды адастырады. Адамды жынды қылып жібереді. Адам өзі де қалай адасқанын ұқпай қалады. Мен ондайдан таза болғым келеді. Мен бәрін тастап ауылға көшіп кетуге дайынмын. Алдағы бес жылда елордаға көшпеймін. Өз жерімде қаламын. Қоймай қызмет ұсынып жатса, көруім мүмкін. Бірақ өз жерімде қаламын", - деді спортшы. 



Ыстыбаев Сәкен Майғазиевтен гөрі Бахтияр Артаев министр болуға лайық деген пікірін айтты. 

 

"Бақтияр Артаев лайық шығар деп ойлаймын. Бірақ ол жерде кім болса да жұмыс істейді. Мен жалпы, спорт саласында басшылыққа спортшы келгенін қалаймын. Басқа заңгер емес, экономист емес, әнші емес, спорт саласын спортшы басқарғаны жөн. Басқа нәрсесін қасындағы көмекшілері реттеп алады", - деді Қазақстан барысы. 

 

Бейбіт Ыстыбаев бір кездері өзіне Тараз қаласының бұрынғы әкімі Қанат Бозымбаев мырзадан екі қымбат көлік пе үй алғанын мойындады. 

 

"Қанат ағамыз екі көлік пен бір үй берді. Оны жасырмаймын. Мен 10 көлік алсам, соның біреуін өзіме қалдырып, 9-ын әкеме апарып беремін. Оны әкем біреуге сыйлап жібере ме, сата ма, оған араласпаймын. Мен өзім жақсы көріп жүрген бір ағамыз ел басқарып отырған азаматтарға мені жамандапты. Әке-шешесін ұрады. Ішімдік ішеді деп айтыпты. Бір күні соны естіп қатты таңғалдым. Ашуым келді. Бір ағамызға осыны айтып жыладым. Сонда ол кісі "сенің артыңнан сөз ерсе, сенің өсіп жатқаның" деді. Бір түсінгенім, адам өскен сайын оның жауы көп болады екен. Сен ешнәрсе істемесең де, сені жек көреді. Сенің жақсы болып жүргеніңді көре алмайды. Қанға сіңген бе, әлде аяқтан тарта ма, білмедім", - деп ағынан жарылды. 

 

Спорты 2024 жыоы Олимпиадаға кемінде он бала дайындағысы келеді. Қазақстанның атын шығаратын шәкірт тәрбиелегісі келеді. 

 

"Алдағы бір-екі жылда орындаймын деген жоспарларым бар. Оның бәрін айтқым келмейді. Мал-жанымды сатсам да, соны жасаймын. Мен өзім о дүниеге кетем бе деп ойлаймын. Алла біледі ғой. Мүмкін 100 жасайтын шығармын. Бірақ о дүниеге кететін шығармын деп ойлаймын. Бәрі Алланың қалауымен. Ақыры баратын жеріміз болған соң, таза кезімізде барған дұрыс па деймін. Ақшаға алданп, атаққа алданып, күнә арқалағым келмейді. Аллаға ризамын. 10 көлік жуу орным бар. Бала-бақшам бар. 150 бас жылқым бар. Өз күнімді көре аламын. Кейде аулаға шығып 40 мың теңге айлық алып жүрген адамдармен сөйлесемін. Оларға ақша жетпейді. Бірақ бәрі бар. Ал ақшасы жететін адамдарға басқа жетпейді. Не баласы жоқ, не бақыт жоқ. Қызы болса, ұлы жоқ. Толыққанды рахат өмір жоқ. Соны түсіну керек", - деді балуан. 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста