"Еуразия барысы-2014": Моңғолия балуандары Қазақстан құрамасынан басым түсті

"Еуразия барысы-2014": Моңғолия балуандары Қазақстан құрамасынан басым түсті

Көптен күткен "Еуразия барысы" ІІ халықаралық турнирі де тәмәмдалды. Бас бәйге тағы да шет ел асты. "Әлем барысында" Куба қабыланы қарсылас шақ келтірмесе, "Еуразия барысында" Моңғолия балуандары топ жарды, деп жазады "Алаш айнасы".

Балуан Шолақтың 150 жылдығына арналған қазақ күресінің құрлықтық додасы Тараз топырағын дүбірге бөледі. Балуан Шолаққа орнатылған ескерткіштің ашылуымен бастау алған белдесулер өте тартысты өтті.

Көптен бері қазақ күресінен өтетін белдесулер туралы аз айтылған жоқ-ты. Ресей, Әзербайжан, Грузия, Украина, Түркия, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Қазақстан, Польша балуандары бақ сынасқан доданың фаворитіне әу бастан моңғолдар баланған-тын. Бұл жолы былтырғы турнирдің күміс жүлдегерлері жүлдені жұлып әкетті.

І-кезең:

Қазақстан – Қытай – 5:0

Польша – Украина – 2:3

Тәжікстан – Өзбекстан – 3:2

Моңғолия – Ресей – 5:0

ІІ-кезең:

Қазақстан – Әзербайжан – 5:0

Украина – Грузия – 2:3

Тәжікстан – Түркия – 4:1

Моңғолия – Қырғызстан – 5:0

ІІІ-кезең, жартылай финал:

Қазақстан – Грузия – 4:1

Моңғолия – Тәжікстан – 5:0

VІ-кезең, финал:

Қазақстан – Моңғолия – 1:4

Айта кететіні, биылғы турнир барысында моңғол балуандары барлық қарсыластарын бір деммен ұтып шықты. Әрі биыл өте жоғарғы деңгейдегі дайындықпен келгендері байқалып тұрды. Өкінішке қарай, моңғол мен қазақ балуандары арасындағы кездесу қонақтардың жеңісімен аяқталды.

Біздің жігіттер моңғолдарға тегеурінді қарсылық көрсете алған жоқ. 81 келіде сынға түскен Дәулетханның жарақат алып қалуына байланысты оның орнына қазақ күресінен екі дүркін Азия чемпионы Бегімхан Әділбеков өнер көрсеткенімен, сенім үдесінен шыға алмады. Биылғы «Қазақстан барысы» Мұхит Тұрсыновтың да жағдайы тым мүшкіл болып, жеңіліске ұшырады.

Тек ауыр салмақта Айбек Нұғымаров қана ұпай айырмасымен моңғол балуанынан басым түсті.

«Eurasia Barysy» ІІ халықаралық турнирінің жалпы қорытындысы мен жүлдегерлері төмендегідей:

І орын – Моңғолия (50 мың АҚШ доллары);

ІІ орын – Қазақстан (20 мың АҚШ доллары);

ІІІ орын – Грузия (10 мың АҚ…Ш доллары);

ІV орын – Тәжікстан (6 мың АҚШ доллары);

V орын – Әзірбайжан (5 мың АҚШ доллары);)

VІ орын – Қырғызстан (4 мың АҚШ доллары);

VІІ орын – Украина (3 мың АҚШ доллары);

VІІІ орын – Түркия (2 мың АҚШ доллары).

Сырнайлатып-кернейлетіп өткізген «Еуразия барысында» байқағанымыз моңғолдар бізден мықты екен. Қазақ күресін жоғарғы дейгейде меңгерген. Жеңіл салмақтағы балуандары ә дегенде-ақ біздің жігіттерді бірден алып соғып, таза жеңіске жетті. Байқағанымыз, ел ішіндегі турнирлерде жауырындары жерге тимей, бәйге алып жүрген жігіттерді мақтағанымызбен сырттан келген мықтылармен белдескенде шама-шарықтарының қанша екендігін байқатты.

Жалпы, Қазақ күресін насихаттау үшін түрлі жобалардың көптен қолға алынғаны қуантады. Біздің балуандар қарсы шыққанын алып ұрып жатты. 15, 20, 30 секунд... Бірақ моңғолдарға келгенде 15 секунд түгілі 5 минутта жеңіске жету мүмкін болмады. Моңғол жігіттері қазақ күресін бізден артық меңгермесе, кем білмейді. Шеттерінен мықты. Финалда табло жұмыс істемей қалып (80 келідегі кездесуде), моңғолдар үздіксіз шабуылдап, оларға ескерту беріп жатсақ та, жүлдені жұлып алып кетті... Оған ренжуге болмас, сірә.

«Қазақ күресін дамыту керек» деп өз елімізде өткен жарыстарда жүлдені өзімізде алып қала беру деген болмайды. Егер жеңісті соңғы сәттерде жұлып алып жатсақ, әңгіме басқа. Бүгінде қазақ күресінен әлем шұғылданса деген тілек әркімде бар. Қазір әлем біздің күресті аса тани қойған қойған жоқ. Егер толық танып, аз-маз айналысатын болса, сіз бен біз сүйсініп, шаң жуытпай жүрген өте мықты деген жігіттеріміздің ешқайсысы да оларға ілесе алмай қалатын шығар.

Оған кешегі «Әлем барысында» сәл де болса көзіміз жеткендей болып еді. Енді бүгін «Еуразия барысында» соны байқадық. Әлем елдері қазақ күресін дзюдо секілді меңгеріп алса..., онда бізге халықаралық аренада қола жүлде тиіп жатса, оған да – қанағат. Ең бастысы белдесу кезінде төрешілер алқасы мықты балуанды мойындап, ұпайын бірден есептеп отырса...

Жүлде бұл жолы да алысқа кетті. Осылай болуы қазақ күресінің дамуына септігін тигізеті анық. Өткен жолы «Әлем барысында» Кубаға кетіп еді, енді командалық сында Моңғолия оза шапты. Бұл дегеніміз, түптің түбінде қазақ күресінің кеңінен қанат жаюына әкеледі.

P.S. Қазақ күресінің бәсекесін Түркияның «АВАЗ» арнасы көрсетеді дегенде қуандық. Бұған дейін «БОЕЦ» арнасы көрсетіп жүргенде де бойымызды қуаныш кергеген. Кеше «Еуразия барысы» турнирінен соң ресейлік «Сетанда СПОРТ» арнасын қоссақ эфирден БЕЛБЕУ күресін беріп жатыр. Бірнеше мемлекеттің балуандарын шақырыпты. Өткізіп жатқан Түркменстан. Қызықтысы сол, комментатор да өз тілдерінде сөйлеп жатыр...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста