Астанада Қазақша күрестен ІІІ Республикалық турнирге іріктеу сайысы өтті (ФОТО)

Астанада Қазақша күрестен ІІІ Республикалық турнирге іріктеу сайысы өтті (ФОТО)

Бүгін Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кешенінде ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жүлдесіне арналған қазақша күрестен ІІІ Республикалық турниріне Астана қаласы бойынша іріктеу сайысы өтті, деп хабарлайды bnews.kz.

Әуесқой палуандар арасындағы дүбірлі додаға Астана қаласындағы сегіз мешіттен 16 балуан, Қазақ күрес федерациясы атынан төрт балуан қатысты.
Іріктеу турнирінің ашылу салтанатында ҚМДБ наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы сайыстың мән-маңызына тоқталды. «Салауатты өмір салтын ұстану – иісі мұсылман жамағаты үшін өте маңызды міндет. Шариғатымызда айтылғандай, қуатты мұсылман қайырлырақ әрі Аллаға жақынырақ. Қазақ ұғымында да ер түздің адамы болғандықтан, ақыл-санамен қатар, күш-қуатына сенім артқан. Салауатты қоғам құру – мемлекетіміздің де басты жоспарының бірі. Бұл жайында Елбасымыз әрдайым өз Жолдауларында айтып келеді. Бас мүфти жүлдесі де осындай игіліктерді іске асыру, насихаттау мақсатында өткізіліп отыр. Бүгінгі додаға қатысушы білекті балуандарға сәттілік тілейміз», - дейді наиб мүфти.
Республикалық турнирге іріктеу сайысында 18 жастан асқан, 74 келіден жоғары күш-қайратына сенген үміткерлер білек түріп, күш сынасты. Айта кетсек, балуандар күресіне Азия және әлем чемпионы, спорт шеберлерінің қатысуына шектеу қойылды. Дүбірлі жарысқа Қазақ күресі Федерациясының кәсіби төрешілері қазылық етті.
Әуесқой мешіт жамағаттарының арасында өткен аламан жарыста әділ қазылар ұйғарымымен «Төлебай» мешітінің балуаны Алмас Мақажанов 3-орынға, «әс-Сәлам» мешітінің балуаны Теңелбай Абдуллаев 2-орынға, «Ғылмани» мешітінің балуаны Мадияр Данияр 1-орынға ие болды. Жеңімпаздарға 20 мың, 30 мың және 50 мың ақшалай сыйақылар беріліп, үздік өнер көрсеткен басқа да қатысушыларға арнайы марапат қағаздары табысталды. Бүгінгі балуандар сайысының жүлдегерлері Алматыда бас мүфти жүлдесі үшін өтетін ІІІ Республикалық турнирге жолдама алды.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста