Алдағы уақытта Алматыда жыршы-термешілердің байқауы өтеді деп естіп едім. Байқау қашан болады және оның талап-ережелері қандай?
Қалибек АБДОЛЛАЕВ, Атырау облысы
Жыршы-жырау, термешілер байқауы 3-қазан күні Алматыда еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Қазақстанның жас кәсіпкерлері қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізіледі.
Халықаралық өнер фестивалі аясында өтетін бұл байқауға 35 жасқа дейінгі шетелде тұратын немесе елімізден тыс аймақтарда туып-өскен, қазір атажұртқа оралған жас жыршы-термешілер қатыса алады.
Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – жыр бастауы (өзін-өзі таныстыруы) және елдікке шақыратын, бірлікке бастайтын елжандылық бағыттағы жыр-термелерден бір шығарманы орындау. Екінші кезең – жыр-термелерден еркін тақырыпта бір шығарма орындау.
Жүлде қоры:
Бас жүлде – 150 000 теңге.
І орын – 100 000 теңге.
ІІ орын – 80 000 теңге.
ІІІ орын – 50 000 теңге.
Жабық түрде бағаланатын байқауға қатысушы ретінде өтініш берген үміткерлер 2013 жылғы қазан айының 2-жұлдызында Алматы қаласына келіп, тіркелуі қажет. Байқаудың екі кезеңінен өткен және жүлделі орындарға ие болған қатысушылары байқаудың гала-концертіне қатысады.
Жыршы-термешілер байқауы қашан өтеді?
Последние статьи автора