Оқырман: Менің есімім жасырын болсын. Бұл сұрақ өте ұят болса да мен сіздерге жолдап отырмын. Себебі бұл мені қатты мазалайды. Әдетте ер мен әйелдің төсектегі қатынасы қанша уақыт болуы керек? Менің күйеуім ерте бітіретін сияқты… Бұл сұрағыма қарап мені жаман әйел деп қараламауларыңызды өтінемін. Сұрағыма жауап берсеңіздер, рақмет!
Маман: Бұл туралы әртүрлі ақпараттар бар. Жыныстық қатынас қанша уақыт болуы керек? Мысалы Коэльоның есептеуі бойынша, 11 минут. Бұл үшін қалыстасқан белгілі бір уақыт бар деп айта алмаймын. Ол екі адамның жатын бөлмесіндегі әрекеттерге тәуелді құбылыс. Бір-біріңізге деген сезім, ара-қатынас, тіл табысу, көңіл-күйдің болуы осы сияқтылардың барлығы әсер етеді. Ол «шығармашылық жұмыс» деп айтуға да болады. Ал оған стандартты уақыт қою мүмкін емес. Коэльо айтқан, 11 минут кейбіреулердің жақындасып үлгеруіне де жетпеуі мүмкін. Негізінен интимді қатынасты ұзартудың жолдары ұзағырақ бір-біріңізді еркелету, аймалау және психологиялық дайындық. Осындай дайындықтарсыз әйелдің ағзасы ер адамды қабылдай алмауы мүмкін. Сол себепті ләззат ала алмай қалады. Сонымен қатар әйелдің де «суық» болмағаны маңызды.