Аттардың түрегеп тұрып ұйықтай беретінін білемін, бірақ түсінбейтінім, олар қалайша құламайды? Мысалы, өзімізді ұйқы қысса болды, аяғымызды баса алмай қаламыз ғой…
Нұрперзент ӘКІМБАЙ, Алматы
Түрегеліп тұрып ұйықтау қасиеті — көптеген жабайы жануарға тән қасиет. Бұл олардың артық қимылға уақыт кетіріп жатпастан, жыртқыштардан тез қашып құтылуына мүмкіндік береді. Аттардың түрегеліп тұрып ұйықтауына тізе буынының «кілттелетін» механизмі негіз болады. Ол тіпті осы күйде де бұлшық еттердің мейлінше босаңсып, демалуына мүмкіндік береді. Айтқандай, егер де ешқандай қауіп-қатер жоғын сезінсе, жылқы малы емін-еркін жусап, алаңсыз жата да береді. Толыққанды демалу үшін оған тәулігіне екі-үш сағат аяғын суытса жетіп жатыр, ал қалған уақыттың бәрінде аттар түрегеліп тұрып-ақ мызғи береді.
Жылқылар қалай түрегеліп тұрып ұйықтайды?
Последние статьи автора