Жүзу спортына баланы неше жастан берген дұрыс?
Баламды жүзу спортына бергім келеді. Себебі медиктер «жүзу спортының жас балаға тигізер пайдасы орасан зор» дейді. Ал баланы жүзу спортына қай жастан бастап берген дұрыс?
Бақытжан ШАРТЫҚОВ, Атырау облысы
Бұл сұрақтың нақты жауабын білу үшін жүзу спортынан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері, осы саланың білікті маманы Анатолий Ивановпен хабарластық.
Негізі, баланы жүзу спортына 2-сыныптан бастап берген дұрыс. Бала сол кезде өзі шешініп, киіне алады. Әрі судан да қорықпайды. Есі де кіріп қалған кез. Жаттықтырушылардың айтқандары мен үйреткендерін тез қабылдайды. Бұл – әрине, спортшы болғысы келген балалар үшін. Ал жай ермек ретінде немесе денсаулықтарын нығайту мақсатында баланы жүзу спортына төрт-бес жастан бастап бере беруге болады. Мектеп жасына дейінгі балаларды жүзу үйірмесіне апарғанда, жанында ата-анасының бірінің қоса жүргені дұрыс. Бұл жағдайда жас баланы үлкен бассейндерге емес, арнайы хауыздардағы үйірмелерге апарған жөн, – деді Анатолий Яковлевич.