«Жүзіктер әміршісі» үшін министр лауазымы бекітіліпті
Дүниежүзіне мәшһүр «Жүзіктер билеушісі» киносының маңыздылығы сонша – бір елде министрлік құрылыпты деген әңгіме естідім. Соның анық-қанығы қандай?
Жазира АЛҒАЗЫҚЫЗЫ, Талғар
Дж. Р. Р. Толкин романының желісімен түсіріліп, 2001 жылдан бастап жарыққа шыққан Питер Джексонның әйгілі «Жүзіктер әміршісі: Сақина бауырластығы» фильмінің «Оскардың» төрт бірдей сыйлығын, одан бөлек, 68 әртүрлі марапат пен 81 аталымды жеңіп алғаны көпке мәлім. 3000 адамға жуық түсіру тобындағы арт-департаментінде ғана 300-дей қызметкер жұмыс істеп, атышулы фильмге еңбек сіңіріпті. Түсіру тобының таңғы асының өзіне күн сайын1460 жұмыртқа жұмсалып отырған екен. Ең қызықтысы, әлемге танымал фильмнің трилогиясы Жерорта теңізі табиғатына ұқсас Жаңа Зеландияда түсіріліп, бұл елдің экономикасына 200 млн доллардай табыс әкеліпті. Сіздің сұрағыңызға қатысты, бұл арада министрлік емес, министр лауазымы деп түзету енгізген орынды. Шындығында, осы киноға байланысты туындауы ықтимал экономикалық мәселелерді шешу мақсатында Жаңа Зеландия үкіметі «Жүзіктер әміршісі» ісі жөніндегі министр деген арнайы лауазым бекітіпті.