Жұмыстан қысқарту кезінде қойылатын талаптар

Жұмыс беруші қызметкерлерді жұмыстан қысқартқанда қандай талаптарды ескеру керек?
Перизат БЕКЕНОВА,
Қызылорда облысы
Заңгер маманның айтуына қарағанда, ҚР Еңбек кодексі (54-б. 1-т. 2-тт.) жұмыс беру­ші­ге өз бастамасы бойынша қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған жағдайда қызметкермен еңбек шартын бұзу құқығын береді.
Кодекстің 185-бабына сәйкес, жұмыс бе­ру­ші­нің бастамасы бойынша еңбек шар­тын қызметкерлер саны немесе штатын қысқарту негіздемесі бойынша бұзуға тек жүкті әйел­дермен, үш жасқа дейінгі балалары бар әйел­дермен, 14 жасқа дейінгі баланы (18 жас­қа дейінгі мүгедек баланы) тәрбиелеп отыр­ған жалғызбасты аналармен, аталған бала­лар санатын анасыз тәрбиелеп отырған өзге де тұлғалармен ғана бұзуға жол беріл­мейді.
Еңбек шартын бұзу жұмыс беруші тара­пынан келесідей процедуралардың сақта­луы­мен жүзеге асырылуы тиіс.
– Егер еңбек шартында, ұжымдық шартта ескертудің анағұрлым ұзақ мерзімі белгілен­бесе, жұмыс беруші қызметкерлер штатын қыс­қарту бойынша еңбек шартын бұзатыны туралы қызметкерге бір ай бұрын жазбаша ескертуге міндетті.
– Еңбек шарты осы Кодекстің 54-бабы 1-тар­мағының 2) – 4) тармақшаларында көз­дел­ген негіздер бойынша бұзылған кезде қыз­меткер келіскен жағдайда жұмыс беруші оны басқа жұмысқа ауыстыру шараларын қабыл­дауға тиіс.
Сонымен қатар «Мемлекеттік қызмет ту­ра­лы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі №453 Заңының 24-б. 4-т. сәйкес, мемлекеттiк органның штаты (саны) қысқарған жағдайда мемлекеттiк қыз­метшiге мемлекеттiк органдардағы жұ­мыс өтілі үш жылдан кем болмаған кезде төрт орташа айлық жалақысы мөлшерiнде шығу жәрдемақысын төлеу жүргiзiледi.
Жұмыс берушіңіз тарапынан осы заң нор­малары сақталмаған жағдайда сізге жер­гі­лікті әкімшіліктің жанындағы мемлекеттік ең­бек инспекциясына шағымдану қажет.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста