Дағдарысқа байланысты кәсіпорнымыз жұмысшыларын қысқартып жатыр.
Марат АСҚАРБЕКОВ, Қарағанды облысы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бас сарапшы маманы Ш.Молдабекова:
– Жұмыс беруші қызметкерлердің санын немесе штатын қысқартқан жағдайда, жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылғанда, қызметкерге жұмысынан айырылуына байланысты айлық орташа жалақысы мөлшерінде өтемақы төлемін жүргізеді. Сонымен қатар егер қызметкер еңбек демалысын пайдаланбаған болса, ол үшін де ақы төленуі тиіс.