Жұмысшылар арасында кәсіби аурудың қандай түрі жиі кездеседі?
Еңбек етіп, нәпақасын айырып жүрген жерінен айықпас дертке шалдығатын адамдар көп. Күнкөріс үшін, отбасын асырау үшін жұмыстың зиянды-зиянсыздығына қарамаймыз. Елімізде кәсіби ауруға ұшырағандар қанша? Кәсіби аурудың қандай түрлері бізде кең тараған?
Гүлсезім АРТЫҚБАЕВА, Ақтөбе облысы
Статистикалық мәліметтерге қарағанда, елімізде кәсіби аурулардың ішінде кәсіби демікпе, екі жақты нейросенсорлы құлақ мүкістігі және омыртқааралық шығырлардың зақымдануы сияқты ауру түрлері көп тіркеліп отыр. 2010 жылы өндіріс орнынан 189 адам – демікпеге, 145 адам омыртқа ауруына шалдыққан, 108 адамның құлағы естімей қалғаны анықталған. Өндірістен ауру тапқандардың дені – 40 пен 60 жас аралығындағы кәсіби біліктілігі бар, алғашқы кезекте қызмет ететін жұмысшылар. Өткен жылы осындай кәсіби аурулардың салдарынан 661 адам қайтыс болған.