Бала бір жасқа толғанға дейінгі берілетін жәрдемақыға құжат тапсырайын десем, «декреттік демалыс біткенше құжаттар қабылдамаймыз немесе жұмыс орнынан ары қарай бала күтіміндегі ақысыз демалысқа кеткеніңіз туралы бұйрық алып келіңіз» дейді. Осы талап заңды ма? Егер бала туылғаннан кейін екі-үш айдан соң жұмысқа шығып кетсем, онда бала бір жасқа толғанға дейін төленетін жәрдемақы тоқтатыла ма?
Шырайгүл ӨМІРЗАҚОВА, Алматы облысы
Сарапшы маманның айтуына қарағанда, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес, бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлемдi (бұдан әрі – ӘТбк) тағайындау үшiн сіз бала туылған күннен бастап 12 ай ішінде тұрғылықты жеріңіз бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың бөлімшесіне барып, қажетті құжаттармен қоса өтiнiш білдіре аласыз.
Заңның 23-2-бабының 3-тармағына сәйкес, ӘТбк тағайындау үшін қажетті құжаттардың бірі болып бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыста екендігі туралы жұмыс беруші бұйрығының үзінді көшірмесі (бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу фактісін растайтын құжат) табылады.
Сондықтан ӘТбк тағайындау үшін Заңмен белгіленген құжаттар тізімі ұсынылуы қажет.
Заңның 23-2-бабының 4-тармағына сәйкес, Әтбк баланың туу туралы куәлiгiнде көрсетiлген туған күнiнен бастап ол 1 жасқа толған күндi қоса алғандағы мерзімге дейiн тағайындалады.
Жұмысқа шықсам, жәрдемақы тоқтатыла ма?
Последние статьи автора