Қазір жұмыссыздықпен күресу үшін түрлі бағдарламалар қолға алынып жатыр. Менің білгім келгені, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы қандай жоба, оның басты мақсаты мен тиімділігі неде?
Ержан ЖАНТАСОВ, Оңтүстік Қазақстан облысы
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен қолға алынған бұл бағдарламаның арқасында алдағы уақытта мыңдаған тұрақты жұмыс орны ашылатыны – қуантарлық жаңалық. Жаңа жоба, жаңа жұмыс орындары жаңа мүмкіндіктер тудырмақ. Бұл жұмыс орындары қарапайым халықтың игілігіне бағытталған. Жұмыссыздар, жалақысы төмен, аз қамтылған азаматтар мен өз бетінше жұмыс істеушілер үшін лайықтап жасалған. Айта кету керек, жұмыссыздардың 71 пайызын ауыл тұрғындары құрап отыр. Бұл ретте бағдарлама ауылдықтарды жұмыспен қамтып, тұрмыстық жағдайын көтеруге бағытталып отыр. «Жұмыспен қамту–2020» бағдарламасының ерекшелігі, қатысушылар кәсіпкерлік біліктілік тұрғысында не болмаса техникалық мамандықтар бойынша оқу курстарына қатыса алады. Оның арты міндетті түрде жұмыспен қамтылатыны тағы бар. Қысқа мерзімді оқу курстарын Үкімет қаржыландырады. Тіпті олардың оқу орнына дейінгі жолақысы мен баспанасын да билік қамтамасыз етеді.
«Жұмыспен қамту–2020» бағдарламасының тиімділігі неде?
Последние статьи автора