Жұлдызнама бойынша жыныстық қатынастағы сәйкестігіңіз қандай?

Жұлдызнама бойынша кім сізге жақсы жар бола алады. Жыныстық қатынастағы сәйкестіктеріңіз қандай?

Тоқты

ТОҚТЫ белгісіндегі еркектер бір аруға ғашық болса, кез-келген әрекетке барады. Шыдамсыздығы, дөрекілігі бар. Десе де, әйелдердің айтқан мақтауларын сүйіп тыңдайды. Кейде, мақтау сөздерді өзі сұрап алады. Олар өзінің айтқанымен жүретін әйелдерді таңдайды.
Таңдаған жарының сезіміне күманданбайтын бұндай еркектер отбасында жақсы әке мен күйеу болады. Әйел үшін мықты сексуалды серіктес.

Отбасылық жұп:

ТОҚТЫЛАР Арыстан, Егіздер, Мергендермен жақсы отбасын құра алады. Тауешкі, Шаян, Балық, Сарышаяндармен құрған шаңырақ сәтсіздікке ұшырайды. Ал, Бикештер мен Торпақтармен тіл табыса алмайды.

Торпақ

ТОРПАҚ белгісіндегі еркектердің жары болу бақыт. Әйелдер қауымын олардың өзіне деген сенімділігі, қадыр-қасиеті мен абыройы сынды қасиеттері жаулап алады. Бұл белгідегі еркектерді айлақор деп айту қиын. Алайда, бұл айда туған еркектер сүйіктісінің сезімін толық сезінуге тырыспайды.
Елмен жақын араласқан сайын толық ашылғанды жақсы көреді. Қызғаншақ. Жар таңдағанда тек өз тәжірибесін есепке алады. Әйелдерге дос ретінде қарайды.
Оның отбасы бақытқа толы ғұмыры ұзақ болып келеді.

Отбасылық жұп:

ТОРПАҚТАР Бикеш, Тауешкі, Шаян, Балықтармен жақсы жұп болады. Арыстан, Сарышаян, Суқұйғыштармен отбасын құрудың қажеті жоқ. Егіздермен де құрған шаңырағы көп жағдайда ұрыс-керіспен аяқталады.

Егіздер

Егіздер белгісіндегі еркектер-дарынды, жаратылысы ерекше тұлға. Әйел сұлулығын жоғары бағалайды. Әлбетте ЕГІЗДЕРДІҢ сексуалды қатынаста керемет кепілдік бере алмайды.
Қиялшыл жан. Оның қиялы тек шығармашылық жетістікке жетелейді, алайда бұл жыныстық қатынаста ешқандай жеңіс бермейді.

Отбасылық жұп:

ЕГІЗДЕР Торпақ, Таразы, Суқұйғыш, Арыстандармен жақсы отбасын құра алады. Балық, Бикеш, Мергендермен көтерген шаңырақ сәтсіздікке ұшырайды.
Торпақтармен өзара түсінушілік байланыстырса, Тоқтылармен ортақ қасиеттер бір-біріне тартады. Әсіресе, ЕГІЗДЕР өз белгісімен жұптасса бақытты отбасын құрады.

Шаян

Ерекшелігі-өзімшілдік пен өзіне деген шексіз сенімділік.
Мұндай еркектер қыздар жалықтыра бастаған уақытта қызықты басқа біреулерден іздеуге кіріседі. Эротикалық талғамы мол болғанымен, төсек қатынасында өзінің қанағаттануына ғана мән береді.
Жыныстық қатынас-шымыр денсаулықтың кепілі деп түсінеді. ШАЯН белгісіндегі еркектер отбасылық өмір үшін жаралмаған жан.

Отбасылық жұп:

ШАЯН Торпақ, Сарышаян, Бикеш пен Балықтармен жарасымды ғұмыр кешеді. Таразы, Тауешкі, Тоқтылармен некелесу сәтсіз деп есептеледі. ШАЯН-дар үшін Тоқты өте импульсивті болғанымен, оларды бір құштарлық байланыстырады. Неке мықты болу үшін екеуіне де мінездерін бақылауға алу керек. Тауешкі ШАЯНДАР-ды өзіне оңай қаратып алғанымен, отбасында екеуі екі түрлі әлемде өмір сүреді. ШАЯН-дар Сарышаяндармен оңай тіл табысып кетеді. Мергендердің тәуелсіз болуды қалап тұратын мінезі ШАЯНДАР-дың ренішін туғызады. Балықтармен құрған неке шынайы достық пен пәк махаббатың ошағы болады.

Арыстан

Арыстан жұлдызнамасындағылар сүйіспеншілік оты сөне ме деген қорқынышпен жүреді. Сондықтан да әйелдерге өзін жақсы жағынан көрсету үшін көп нәрсеге басын тігеді.
Оған кеңесші бола алатын, ақылды әйел керек .. «Балаларымның әкесі» деп әлпештеп отыратын әйел бойына сенімділік ұялата алады.

Отбасылық жұп:

АРЫСТАНДАР-дың Тоқты, Суқұйғыш, Сарышаяндардан бойын аулақ ұстағаны абзал. Бұлармен құрған шаңырақ ешқандай жақсылық әкелмейді. Олар үшін Егіздер, Таразы, Мерген сәтті жұп. Тоқтылармен мінез-құлқы мен темпераменті жағынан сәйкестік болады. Осылардың арқасында баянды махаббат болуы ықтимал. Торпақтармен тіл табысудың қажеті жоқ. Өйткені олар ортақ мәмлеге келе алмайды. Бикештермен де қиын қатынас қалыптасады.

Бикеш

Мұндай еркектер әйелдерге кірпияз. Нақтылық пен қарапайымдылықты ұнатады. Алайда, өзі қалаған дүниелерді көргісі келеді.
Сексуалды мүмкіндіктері өте жоғары. Бикеш еркектердің сезімталдығы әйелдердің жүрегін жаулап алады. Кез-келген әйелдің талабын қанағаттандырады. Оған әйелдердің достығы мен сүйеніші жетіспейді. Жары оған үнемі ілтипат көрсетсе отбасы бірлігі бекем болмақ.

Отбасылық жұп:

Торпақ, Сарышаян, Шаянмен неке үйлеспейді. БИКЕШТЕР Шаяндармен жақсы тіл табыса білгенімен Шаянның рационалисттік қыры БИКЕШТЕРДІҢ сезімін өшіреді. БИКЕШТЕР мен Арыстар арасында достық берік болады. Таразылармен шиеленіске жиі барады. Сарышаяндар БИКЕШТЕРДІ өзіне тартуы мүмкін, түрлі темпераменттеріне қарамастан сәтті неке құруы ықтимал. Әлбетте олардың өмірлік ұстанымдары «мен не дейін, домбырам не дейді»-ге саяды. БИКЕШТЕР Суқұйғыштарға құмар. Олардың некелерінің ғұмыры көп жағдайда ұзақ болып жатады.

Таразы

Қиын кезеңде өздерін ұстай алмай қалады, ашуланшақ. Олар қысқа уақыттағы жыныстық ләззаттан рахат алады. Алайда, көп жағдайда тыныштықты отбасынан табады.

Отбасылық жұп:

ТАРАЗЫЛАР Егіздер, Арыстан, Мерген, Суқұйғыш және Тоқтылармен некеде сәйкес келеді. Тауешкі, Шаян, Торпақтармен отбасы сәтсіз болады, алайда ТАРАЗЫ-ның жағымды мінезі тағдыр тәлкегін жеңуге қауқарлы. Тауешкімен жақсы дос бола алады.

Сарышаян

Олар еркіндікті жақыс көреді, ерекшелін жүреді. Әйелдің айтқанына оңайлықпен көне қоймайды.
САРЫШАЯН белгісіндегі еркектерді интелектісі жоғары, тәуелсіз және басы бос әйелдерге қол жеткізу. САРЫШАЯН белгісіндегі еркектер жыныстық қатынаста жақсы серіктес. Олар көбіне сұрбойдақтықты қалайды.

Отбасылық жұп:

САРЫШАЯНДАР Тауешкі, Бикеш, Шаян мен Балықтармен жақсы жұп болады. Сұқұйғыш, Арыстан мен Тоқтылармен құрған неке бақытсыздықпен аяқталады. САРЫШАЯНДАР мен Тоқтылар, Торпақтар тіл табыса алмайды. САРЫШАЯН мен Шаяндар құрған отбасы бақытқа толы болады. Өйткені, Шаяндар САРЫШАЯНДАРҒА қажет интимді жайлылықты қалыптастыра біледі. САРЫШАЯНДАР мен Арыстандар ұзақ уақыт бір баспананың астында тұра алмайды. САРЫШАЯНДАР Таразылармен жұмыс бабында мықты серіктес, дос бола алады. САРЫШАЯНДАР мен Бикештер бірін-бірі толықтырып, бақытты ғұмыр кешеді. САРЫШАЯНДАР мен Суқұйғыштар өздерін сабырлы ұстаса дәм-тұздары жарасып кетуі де мүмкін. САРЫШАЯНДАР мен Балықтардың құрған жұптың бағы барлық жағынан жанып тұрады.

Мергендер

Мергендер жаны әдемі әйелдерді жқсы көреді. Әйелдерден нақты бірнәрсе талап етпейді.
Ол қиылшыл. Әйелдер оның талғамынан шығуға тырысады. Ұнатқан қызға өзіндегі барын беріп, қанағаттандырған соң артына теріс қарамай, тік жүре береді. Оның отбасылық өмір үшін жаралмағандығын түсінген әйел оны жолынан қалдыруға, кері қайтаруға тырыспайды. Жақын қатынасқа түскен сайын махаббаттың пәктігін шынайы сенеді.

Отбасылық жұп:

МЕРГЕНДЕР Бикеш, Балықтар мен Егіздермен бақытты болады. Тоқпақтармен бір көргенде махаббат сезім пайда болуы мүмкін неке де үйлесімді болады. МЕРГЕНДЕР Тоқтылардан бойын аулақ ұстау керек. Балықтардың тұйықтығы МЕРГЕНДЕРДІ қайғыға батырады. Алайда, МЕРГЕНДЕРДІҢ өмірлік көзқарасы бұл жайсыздықты бағындыра алады. МЕРГЕНДЕРДІҢ шынайылығы мен адалдығы Арыстандарды тәнті етеді, неке сәтті болады. МЕРГЕНДЕР мен Бикештер құрған отбасы сәтсіз болуы мүмкін, әлбетте оларды бір-бірін күш-жігер байланыстырады. МЕРГЕНДЕР мен Таразылар бақытты жұптар болады. Сарышаяндармен қызмет бабында достығы берік болады. МЕРГЕНДЕРДІ Тауешкілермен ортақ көп нәрсе байланыстырады. Тауешкінің салмақтылығы МЕРГЕННІҢ аспалы-төкпелі шапшаң мінезін басады. МЕРГЕНДЕР Суқұйғыштармен де бақытты жұп болады. Алайда, Суқұйғыштар МЕРГЕНДЕРДІҢ тұрақсыздығынан күйініп жүреді. МЕРГЕНДЕР мен Балықтар арасындағы байланыс жер мен көктейді. Бұлардың арасындағы сәйкестік сауасақпен санарлықтай ғана.

ТАУЕШКІ

Бұл белгідегі еркектер реалист, алға дұрыс мақсат қоя біледі. Ұнаған қызды қолына түсіреді.
Онымен қарым-қатынасқа түскен әйелдер оны беделді серік деп санайды. Өйткені ТАУЕШКІ белгісіндегі еркектер тұйық, эротикалық сырын өз ішіне сақтайды. Ол бостандықты жақсы көреді. Отбасын іштей оған дайын болған кезде, нақты шешім қабылдағанда құрады. Отбасында балаларына ардақты әке болады.

Отбасылық жұп:

ТАУЕШКІЛЕРГЕ Тоқты, Таразы мен Шаяндардан қашу керек. Ал, Бикеш, Сарышаян, Торпақ, Балықтармен некелік жұбы бақытқа толы болады. Мергендермен бақытты бола алмайды. Тоқпақтармен түсінушілік пен махаббат байланыстырады. Егіздермен қақтығысқа жиі барғандықтан некелік бақыттьң ғұмыры қысқа болады. ТАУЕШКІ мен Шаяндар арасында сыйласымдылық пен достық қатынас болады. Әлбетте олардың өмірлік көзқарастары тоғыспай жатады. Арыстандармен сәтті отбасын құра алмайды. Таразылармен бастары үш қайнаса да қосылмайды. ТАУЕШКІНІ Сарышаяндармен амбициялары мен жұмысқа деген қызығушылықтары байланыстырады. Суқұйғыштармен бақытты өмір сүреді. Балықтармен неке өте сирек жағдайда сәтті болып жатады.

СУҚҰЙҒЫШ


Бұл белгідегі еркектердің жыныстық қатынасқа деген құштарлығы бәсең. Сол себептен бақыт құшағына апарған әйелдерінің саны тым аз.
Жыныстық қатынаста әйелдерді бақылаумен ғана шектеледі. Дегенмен, некеде опасыздыққа бармайды.
Отбасылық жұп:
Бұлар Егіздер, Таразылар, Мергендермен жақсы жарасып кетеді. Сарышаян, Торпақ, Арыстандармен ұрысып жүреді. СУҚҰЙҒЫШТАР Тоқтылармен жақсы жұп болуы мүмкін. Егіздермен отбасылық үйлесімділік табады. Шаяндармен жақсы ажырамас дос бола алады, бірақ некелесу ұтымды шешім емес. Бикеш пен СУҚҰЙҒЫШТАР жиі кикілжіңге барады. Таразылармен құрған шаңырақ бақытты болады.

БАЛЫҚТАР

Қыздарға барғанды мақтан тұтпайды. Бірақ сексуалды темпераменті жоғары. Ол жалғыздықты ұнатады. Үйленуге келгенде ұзақ ойланып барып, нақты бір шешім қабылдайды. Бойдақ кезінде әйелі мен балаларының жоқтығына қапаланбайды.

Отбасылық жұп:

Торпақ, Шаян, Тауешкі, Сарышаяндармен некесі сәтті болады. БАЛЫҚТАРДЫ Тоқтылар қатты тартқанымен, мінездері үйлеспейді. Сондықтан отбасында олар тату-тәтті өмір сүре алмайды. Шаяндармен арадағы достық, әріптестік ерлі-зайыптылардың сүйіспеншілігін арттырады. БАЛЫҚТАРДЫҢ Арыстандардан бойын аулақ ұстағаны абзал. Мергендермен сирек бақытты болады. Бикештердің арасында ортақ нәрселер болады, әлбетте олар көтерген шаңырақ сәтсіздікке ұшырайды. Балықтар Тауешкілермен ортақ мәмлеге келе алмайды.
anabol.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста