Жұлдызнама белгілері қалай кек алады?

Келеңсіз жайттарға тап болмау үшін қандай жұлдызнама белгілерінен аулақ жүрген жөн, ал қайсысы еш уақытта кек сақтамайды?

Әрқайсысымыз өкпе-ренішті әртүрлі қабылдаймыз. Біреулер өзін-өзі қолға ұстап, жат әрекеттерге бармауға тырысып жатса, ал енді бірі ренжіткен адамға дәл сондай жауап қайтарғанша тоқтамайды.
Негізінде барлық адамдар кекшіл болып келеді. Тек әрбір адамның кек қайтару стилінде айырмашылық бар.
Жұлдызнаманың түрлі белгі өкілдерінен қандай кек күтуге болады және қайсысы барынша қауіпті?

Тоқты

Тоқтылардың қолынан арамдық пен қастық жасау мүлде келмейді. Олар түні бойы ренжіткен адамға қалай қысастық жасасам екен деп ойланып шықпайды. Олардың кегі күйдіріп түседі. Олар іштегі «ыстығын» шығарып, артық жүктемеден арылу үшін бір сәтте-ақ әрекет жасауға бейім. Ұрып жіберу, заттарыңызды өртеу және оларды терезеден лақтырып жіберу – бұл тоқтылардың стилі.
Дегенмен, олардың ашу-ызасы тез тарқайды және ұрыс-керістің шығуына не себеп болғанын да ұмытып қала алады. Олар тіпті өздерінің ұстамдық таныта алмағандығы үшін кешірім де сұрайды және сіздер ештеңе болмағандай қайтадан достасып кетесіздер.

Торпақ

Кез келген торпақ үшін өзіне жайлы әрі ыңғайлы болғаны барынша маңызды саналады. Баяғыда ұмыт болған ренішке қатысты осынау ұрыс-керістің қажеті қанша? Бірақ, мұндай жағдай егер де сіз Торпақтың жекеменшігіне қол сұғатын болсаңыз, еш қатысы болмай қалады.
Олардың сүйікті заттарын алып, бизнесте алдап көріңіз немесе онымен қарым-қатынас жасау үшін мол күшін сарып еткен күйеуін/әйелін алып кетіңіз, сонда ол да сіздің ең құнды дүниелеріңізді тартып алады.
Олардың кегі ызғарлы және өте ұзаққа (жылдарға ұласуы да ықтимал) созылады. Торпақтар өте шыдамды және олар өте ірі көлемде кек қайтарады.

Егіздер

Егіздермен байланысу – бұл папарацциямен ісің болғанмен бірдей. Егер егіздер сізден кек аламын десе, онда сіздің қолыңыздан тек мыналар келеді – атыңызды, тегіңізді өзгерту, басқа қалаға қоныс аудару.
Сіздің барлық құпияларыңызды қоғамның игілігіне айналады, ал оларды терістеуіңіз тек кері тиімділік қана әкеледі.
Алданып қалған әйел егіздер өздерін тастап кеткен еркек туралы өсек-аяңды ең бірінші тарататын болады. Олар оны нағыз оңбаған қылып көрсетіп, барлық айыпқа кінәлап шыға келеді.

Шаян

Шаян белгісі аясында дүниеге келген адамдар ештеңені еш уақытта ұмытпайды. Сондықтан олардың кек алулары өте қорқынышты болады. Дегенмен, олар сізге ашық түрде шақыру жасамайды. Егер сіз оларды ренжітіп қойсаңыз, онда олар алыстап кетеді және қарымта соққыны бірнеше жыл өткеннен кейін жасайды.
Олар сіз жасаған қылыққа ғана емес, сонымен бірге сіздің ата-балаларыңыздың, сондай-ақ ұрпақтарыңыздың кінәсі үшін кек қайтаруға қабілетті.
Олардың кектері мұз сияқты ызғарлы және егер де кімде-кім олардың жолын кесіп кететін болса, онда олар жаулары дәл өздеріндей зардап шегуі үшін махаббаты да, достықты да, тіпті жұмыстағы қарым-қатынасты да тәрк етуге бар.

Арыстан

Арыстан белгісінде туған адамдар еш уақытта да абыройына нұқсан келгенін сездірмейді. Олар басын тік көтеріп жүреді және абыроймен кетеді де.
Алайда жеке кездескенде олар кімнің басты адам екенін көрсете біледі. Арыстандар өзінің дұыс екенін дәлелдегенше тыныштық таппайды.
Олар сахнаға бейім, сондықтан да көптің алдында өзінің дұрыстығын көрсеткенді қалайды. Кек алудың хас шеберлері десек те болады. Соңына дейін кек алудан еш тайынбайды.

Бикеш

Бикештер көпшілік жағдайда кек алудың дұрыс еместігін айтып жүреді. Олар кек алуға пайдададан гөрі зиян көп болғанда ғана баруы мүмкін.
Кек алар соққысы ешқашан қатты болмайтыны да анық, болмашы соққы жасайды.
Бикештер кек алса, кішкентай нәрсеге дейін ойластырады, сондықтан оларды ешкім де кінәлай алмайтынын біле жүріңіз.

Таразы

Бейбіт өмірді аңсайтын таразылар шиеленісті мүлде ұнатпайды, сондықтан да олардың кек алуға дайындалуы үшін қатты көңілін қалдыруға тырысу керек.
Кекті олар күліп жүріп алады, сізбен болып жатқан жағдайға құдды олардың байланысы жоқтай жүреді. Олардың ойынша бұл бар болғаны әділетсіздік немесе өмір солай болды.

Сарышаян

Сарышаянды кек алуға кез келген нәрсе итермелейді, ал кек алу оның өмірдегі маңызды міндетіне айналады.
Олар шабуыл жасаудың ұтымды сәтін күтіп жүреді, сіз туралы молынан ақпар жинайды, сізді қай жерден іліп, кек алуға болатынын ойланады.
Олар жанды жерден ұрғанды ұнатады. Алдымен сізді қинап, ойнап алып, артынша кек алады.

Мерген

Мерген өмірде кек алудан да қызығырақ нәрселер бар деп айтуы мүмкін. Олар ұзақ уақыт ойланғанды ұнатпайды. Әрі кетсе, фейк парақшасын ашып, сіз туралы біреудің атынан жаман ойларын жазып кек алуы мүмкін.
Көбіне көп, адамның өз ісін ойланғанын қалайды, оңаша тастағанды ұнатады. Мұндай кездері мергендер бұл мәселемен бас ауыртпай, бөлек кеткенді қалайды.

Тауешкі

Олар эмоция мен аяушылықсыз кек алуды жоспарлайды. Олар кек алғанда олар рахаттанбайды, жай ғана өз міндеттерін орындағандай күй кешеді.
Сіздің қателіктеріңізді есептейді, өз кінәңізді мойындағанша жан-жағыңыздан қысым жасап, тығырыққа тірегенді ұнатады. Ал ренжіткен адамына есікті жапса, ол есік мәңгілікке жабылатыны анық.

Суқұйғыш

Су құйғыштар үшін бостандық дегенің кешіру мен ұмытудан тұратындай.
Егер сіз осы белгінің анағұрлым пысық түрімен таныс болсаңыз, сіздің телефоныңыздың жұмыс істемей қалғанын, құпия сөзіңіздің жарамай қалғанын, үйіңіздің төбесінен су аға бастағанын сезуіңіз мүмкін.
Су құйғыштар кек алған кезде қарсыласының қиындық себебін таба алмай, ұзақ қиналғанын қалайды.
Десе де, су құйғыштар арасында кек алатындары өте аз, көбіне олар сізді кешіруден бас тартады.

Балықтар

Балықтар үнемі аяныш тудырып жүреді. Ал мұндай жағдайда олардан кек алу әсте мүмкін емес. Олар сізге ренжісе де, Алла тағала өзі жазалайды деп сенеді, ойлайды. Ал тағдыр асықпай, ренжіткен адамы тайраңдап жүре берсе ғана, жағдайды өз қолына алуы мүмкін. Алайда олар алыста жүріп кек алады: қара магиямен айналысуы, болмаса қуыршаққа ине қадауы да мүмкін.

 reactor

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста