Балықтар
Бүгінгі күн қызықты жаңалықтарымен өміріңіздің шырайын ашуы ықтимал. Белен алатын оқиғалар сіздің бастамаңыз арқылы өрбімек. Қолыңыздан келетің істі жетілдіріп, өміріңізге өзгеріс енгізуге ұмтылыңыз. Жан тебірентендірілік әсер мен қайталанбас оқиғалар күтіп тұрғаның естен шығармағаныңыз абзал.
Суқұйғыш
Бүгінгі күн барынша қызықты әрі сәтті өтпек. Сіз айналаңызда болып жатқан оқиғаларға шын көңілмен қызығушылық білдіріп, қоғамдық өмірде белсенді болмақсыз. Сіздің айналаңыздағы адамдардың көзайымына айналып, өміріңізге елеулі өзгерістер енгізетін беделді қауыммен танысуыңыз ықтимал.
Тауешкі
Бүгінгі күннің ұраны 《Андамай сөйлеген ауырмай өледі》, демекші өзіңіз тауып алған қиындықтармен күресуге тура келеді. Ішкі жан дүниеңіздің мықтылдығынын арқасында айналаңызда белен алған оқиғаларды жеңесіз. Қиындықтан қорықпасаңыз жеңістің де көк туы тез желбіремек.
Мерген
Қиялыңызға ерік беріп, бастамаңыздың жемісті боларына күмәнданбағаныңыз абзал. Іскерлік көңіл күйіңіз өте жоғары болмақ. Қолға алған жобаларыңыз сәтті өтуімен қарсыластарыңызды шаң қаптырып кетуіңіз ықтимал.
Сарышаян
Бүгін жұмысыңыздың/оқулағы жетістігіңіздің дамып, жетілуіне қолайлы кезең болмақ. Осы салаға көп көңіл бөлу керек екенің естен шығармаңыз. Жеңісіңізбен адамдардың қызығушылығын тудырып, беделіңіз артпақ. Сүйіктіңізден тосын сый күтіңіз.
Таразы
Бастаған ісіңізді аяғына дейін жеткізуге тырысыңыз. Қуанышыңызға орай сізді беделді адамдар қолдауға дайын. Тіптен жеке өміріңізге өзгерістер енуі мүмкін. Одан қорықпаңыз, бәрі сәтімен болмақ. Тек бірінші жетістіктеріңізден кейін өзіңізге деген сенім арта түспек.
Бикеш
Бүгін өміріңізге өзгеріс енгізуге қызығушылық білдіруге тиімді уақыт болмақ. Көкейдегі ойыңызды белді адамдарға жеткізіп, олардың қызығушылығын тудыруыңыз ықтимал. Алайда жақындарыңыздың,айналаңыздағы адамдардың пікірін білуді де естен шығармаған жөн.
Арыстан
Бүгін жақындарыңыздың қамын ойлаумен болмақсыз. Қоғамдық өмірге деген қызығушылығыңыз артып, саяси шараларға белсене араласуыңыз мүмкін. Сіздің таныстарыңыздың арасында беделді азаматтардың пайда болуы мүмкін.
Шаян
Бүгін ойланып, толғанатын жұмыстар көп болмақ. Логикалық ойлаудың жетпейтіндігін біліп, ішкі түйсігіңізге де жүгінуіңіз мүмкін. Жеке өміріңізде де елеулі өзгерісте болмақ. Ол адамды сіздің сыртқы келбетіңізден бөлек, зерделігіңіз де қызықтырады.
Егіздер
Алға қойған мақсатыңызға жету үшін қолыңыздан келгенді жасаудан аянып қалмағаныңыз жөн. Ол үшін қарсыластарыңызбен қоса жаман пиғылды адамдармен де күресуге тура келеді. Әрине ішінде өзіңіз де барсыз.
Торпақ
Осы уақытқа дейін істеген жұмысыңыздың жемісін жейтін уақыт жеткен сынайлы. Әділеттіліктік туы биік желбіреп, қаржылық жағдайыңызды онтайландыратын сәт келді. Белең алып жатқан оқиғалар сізге сенімділік ұялатпақ. Жұмыс деп жүріп денсаулығыңызға да көңіл бөлуді естен шығармағаныңыз абзал.
Тоқты
Жан дүниеңіздің бір қалыпқа келіп, күш – қуатыңыздың асып-тасатын кезі. Қоғамдық өмірде белсенділігіңіз артпақ. Сіздің сұлулығыңызға тамсанатын адамдар саны артып, жаңа романның бастамасына қолайлы уақыт болмақ.
Дереккөзі: "ЖЖ" топтамасынан