Қай жұлдыз белгісі өкілдерінен мықты әйелдер шығады? Ол туралы тәжірибелі психоастролог Индира Садыкова өзінің инстаграм парақшасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тоқты
Бұл "от" әйелдер. Олар тек алға жүреді және ешкімді тыңдамайды. Олар үшін ең маңыздысы – тек олардың мақсаттары.
Бикеш
Таңғалдыңыз ба?! Бірақ, бикештер – мықты әйелдер. Бикеш ешкімнің көмегінсіз өмір сүре алады. Ол, тіпті, еркексіз де өмір сүре алады. Оның әр нәрсеге өз пікірі бар.
Сарышаян
Бұл әйелдер арбай алады және харизмасы бар. Олар өздеріне кез келген еркекті тарта алады және байлап қоя алады. Олар мықты әйелдер.
Суқұйғыш
Суқұйғыштар ерлермен дос бола алады. Мұны ешбір жұлдыз белгісі істей алмайды. Олар дұрыс шекара қоя біледі. Бұл өте еркін жұлдыз белгісі. Олардың күші осыда. Сөз еркіндігі, шешім қабылдау еркіндігі.
Тауешкі
Олар өте мықты әйелдер. Олар тәртіпті қатаң сақтайды және ешкімнің көмегін қабылдамайды. Олар өздеріне өте қатаң. Олар әрқашан жетістікке жетеді. Айналаңызға қараңыз, барлық мансапқұмар әйелдер – Тауешкілер.