Жүкті әйелдің жұмыс уақытын қысқарту қарастырылған ба?

Мен туберкулезге қарсы диспансерде медбике болып жұмыс істеймін. Қазіргі уақытта жүктіліктің бесінші айындамын. Күніне – 7 сағат 20 минуттан, аптасына бес күн жұмыс істеймін. Осы орайда менің білгім келгені, заңда жүктілікке байланысты жеңіл жұмысқа ауыстырып, жұмыс уақытын қысқарту қарастырылған ба? Жалпы, жүкті әйелдерге қандай жеңілдіктер берілуі тиіс?
Жұлдызай,
Оңтүстік Қазақстан облысы
Сарапшы маманның мәліметіне қарағанда, Қа­зақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – кодекс) 189-бабына сәйкес жұмыс беруші жүк­ті әйелдің, үш жасқа дейінгі баласы бар ата-ана­ның (асырап алушының) біреуінің, сондай-ақ отбасының ауру мүшесіне медициналық қоры­тын­дыға сәйкес күтім жасайтын қызметкердің жаз­баша өтініші бойынша оларға толық емес жұ­мыс уақыты режимін береді.
Кодекстің 191-бабына сәйкес жұмыс берушi медициналық қорытынды негiзiнде жүктi әйелдi орташа жалақысын сақтай отырып, зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерi болмайтын басқа жұмысқа ауыстыруға мiндеттi.
Жүктi әйелге қолайсыз өндiрiстiк факторлар әсерiн болдырмайтын басқа жұмыс берiлгенге дейiн, әйел осының салдарынан өткiзiп алған бар­лық жұмыс күндерi үшiн жұмыс берушiнiң қара­жаты есебiнен орташа жалақысы сақтала отырып, жұмыстан босатылуға тиiс.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста