Жүкті әйелдің босану уақытына дейін жұмыс істеуге мүмкіндігі бар ма?

Жүкті әйелдің босану уақытына дейін жұмыс істеуге мүмкіндігі бар ма?

Жүкті әйел іштегі баланың жеті айлығына дейін жұмыс істеуге құқылы. Дегенмен ол өзін жақсы сезінген жағдайда баланың 8-9 айлық кезіне дейін жұмыс жасауына рұқсат па?
Ардақ ӘШІРБАЕВА,
Шымкент қаласы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 23 қазандағы №556 «Аза­маттарға уақытша еңбекке жарам­сыз­дық парағын және анықтамасын беру ережесін бекіту туралы» бұй­ры­ғына сәйкес, жүктілік пен босану бойын­ша уақытша еңбекке жарам­сыздық парағын медициналық ұйым әйелге жүктіліктің 30-аптасынан бастап береді. Науқастық қағазы – жұмыс­шы­ның уақытша еңбекке жарамсыздығын растай­тын және сол күндер аралығында жұмыстан босатуға рұқсат беретін құжат. Демек, осы аралықта жұмыс­шы­ның жұмыс істеуі ҚР Еңбек кодексінің нормаларына сәйкес келмейді, яғни жұмыс беруші науқастық қағазы беріл­ген әйелдің жұмысты жалғастыруын қамтамасыз ете алмайды. Жұмыс бе­руші науқастық қағазын әкелген әйелге жүктілігі және босануына байланысты әлеуметтік демалыс беруі керек. Науқастық қағазының берілуіне меди­циналық ұйым жауап береді. Мем­ле­кеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалатын жүктілік және боса­ну­ға байланысты әлеуметтік төлем көлемі науқастық қағазы берілген күнге дейінгі соңғы 12 ай ішіндегі қорға төлен­ген әлеуметтік аударымдары не­гі­зінде есептеледі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста