Жүкті әйелдер үшін коронавирустың салдары қандай?

Жүкті әйелдер үшін коронавирустың салдары қандай?

Осыдан бірер апта бұрын Алматы облысы Қарасай ауданының 1995 жылғы тұрғынынан коронавирус инфекциясы анықталды. Келіншек жүктіліктің 21-21 аптасында.

 

Осыған байланысты Stan.kz тілшісі алматылық акушер-гинеколог Айша Тоқтағұлқызы Сералиева мен гинеколог Жұлдыз Талапқызына хабарласып, жүктілік кезінде коронавирус несімен қауіпті, жүкті әйелдерге қалай қорғану керек және осы уақытта жүктілік жоспарлауға бола ма деген сауалдарды қойды.

 

Дәрігер пандемия кезінде жүктілікті жоспарламаған жөн дейді.

 

"COVID-19 әлі зерттеліп жатқан вирус, адамзат бірінші рет онымен бетпе-бет келіп отыр. Ол өкпе тіндерін 50%-ға жеңіл фиброзға шалдықтырады. Әзңрге оған қарсы препарат ойлап табылған жоқ, сондықтан патогендік терапия да жоқ", - деп түсіндіріп кетті Айша Тоқтағұлқызы.

 

Дәрігер жүкті әйелдің ағзасында күрделі процесстер жүретінін, атап айтсақ, прогестерон гормонына рецепция өсіп, ағзада айналып жүрген қанның көлемі артатынын, физиологиялық гипе коагуляция орын алатынын, яғни қан қойылып, өкпенің көлемі үлкейетінін айтады.

 

"Осы барлық факторларды ескере отырып, мындай адамзат үшін қиын кезде жүктілікті кейінге қалдырған дұрыс", - дейді маман.

 

Дәрігер жүктілікке жоспарлы түрде, барлық дайындықтан өтіп келген дұрыс дейді. Айша Тоқтағұлқызы қазіргі уақытта бала көтеру процессі онсыз да қиындап кеткенін де тілге тиек етті. Оған әйелдердің алдын-ала дайындығы, денсаулығынан бастап, қазіргі өмір сүру салты, экологиялық ахуал сияқты себеп саналуан.

 

"Оған енді адамдардың мезгілсіз кетуіне себеп болып жатқан коронавирусты қоссақ, жағдай тіпті қиындай түспек. Жүкті әйелдің ағзасына артық салмақ түсіп кетеді. Ана өлімі жиілеп кетуі мүмкін", - деп дәрігер уайымын білдірді.

 

Аурудың алдын алуына қатысты акушер-гинеколог барлық жерде айтылып жатқан жиі қол жуу, сыртқа шықпау, сыртта маска кию, иммунитетті көтеру сияқты сақтық шараларын ұстануға кеңес берді.

 

 

Гинеколог Жұлдыз Талапқызы коронавирус инфекциясының жүкті әйелдер үшін қауіптілік деңгейі өте жоғары екенін айтады:

 

"Қазір барлығымыз ауыр жағдайды басымыздан кешіріп жатырмыз. Егер біз инфекциядан өзіміз сақтанбасақ, онда ауруды кез-келген адам жұқтырып алады. Жүктілік кезеңде иммундық жүйе төмен болғандықтан, коронавирус инфекциясы жүкті әйелдер үшін өте қауіпті. Өйткені бұл ғана емес, олар басқа да инфекцияны жұқтырып алуы да мүмкін. Жүкті әйелдерді және ана болуды жоспарлап жүрген қыз-келіншектерді қорқытқым келмейді. Дегенмен өте абай болғандары жөн. Басқа мемлекеттерде Еуропа, көрші Ресейде коронавирус кезінде жүкті болғандарға арнайы мағлұматтар берілуде. Яғни, ол жерде егер жүкті әйел коронавирус жұқтырса онда өлім көрсеткіші жоғары болады деген ескертулер бар. Бұл, әрине, ағзаның вирусқа қалай төтеп беруіне және дәрі-дәрмекті қаншалықты көтере алуына байланысты. Өйткені ауруды тек вирусқа қарсы дәрілермен ғана жеңуге болатыны айдан анық. Ал ондай препараттарды біз жүкті әйелдерге қолданбаймыз", - дейді маман.

 

Сондай-ақ дәрігер жүкті әйел коронавирус инфекциясын жұқтырып алған жағдайда, онда басқа да асқынулар пайда болуы мүмкін екенін ескертеді. Жәй адаммен салыстырғанда жүкті әйелге ауру екі есе күшті беріледі. Тыныс алу жолдары бекітіліп, қан кетеді және ішіндегі сәби өліп кетуі мүмкін.

 

"Қытайда вирус кезінде 140 жүкті әйелден коронавирус анықталған болатын. Оның 8 пайызы орташа жағдайда, ал 1 пайызы ауыр жағдайда болды. Көз жұмған болмады. Дәрігерлер кейіннен тексере келе коронавирустың анадан балаға берілмейтінін анықтады. Алайда бұл жаңа вирус. Оны енді ғана зерттеп жатыр", - деді маман.

 

Гинеколог әріптесі Айша Тоқтағұлқызы сияқты жүкті әйелдерге көпшілік орындарға бармауға, үйде отыруға кеңес берді.

 

"Қыдырмаңыз, қонаққа бармаңыз деп айтқым келеді. Қазір әрбір дәрігер өз қарамағындағы жүкті әйелдерге арналған топ ашып, сол жерде онлайн-кеңестер жүргізуде. Қайта өздерінің және баласының денсаулығына мұқият болғандарының арқасында біздің болашақ аналарымыз коронавирустан аман. Денсаулықтарының жақсы болғанын да тілеймін. Ал бала көтеруді жоспарлап жүрген қыз-келіншектер болса, оларға да осы кеңесті айтқым келеді", - деп қорытындылады Жұлдыз Талапқызы.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста