Анам ұзақ жолды көтере алмайды. Машинаға мінсе болды, құсады. Жолда адам өзін жақсы сезіну үшін не істеу қажет?
Аманбике, Алматы қаласы
Құтқарушылардың айтуынша, жол қозғалысын көтере алмайтын адамдардың автокөліктің алдыңғы орнына маңдай терезеге қарап отырғаны жөн. Сондай-ақ құсуды болдырмайтын дәрі-дәрмектерді немесе мұзкәмпиттерді қолданған дұрыс. Ұшақта «Взлетная» арнайы кәмпитінің таратылатыны содан. Көлікпен алыс жолға шыққанда, адамның басы айналуы, әлсіреуі мен жүрегінің айнуы – олардың бас пен дене қозғалысына тәуелді вестибулярлы аппаратының әлсіздігінен. Мұндай адамдарға жолаушылар ұшағындағы қанаттардың аралық тұсындағы орындар, ал теңіз кемесінде камбуздан алыстағы орындар қолайлы. Құлақ жүйкесі әлсіз адамдардың ұзақ жол жүрерде тойып тамақ ішпеуі, спиртті ішімдіктер қолданбауы, сондай-ақ жол үстінде кітап оқымауы қажет.
Жол үстінде жүрек айнымас үшін не істеу керек?
Последние статьи автора