Жоғары лауазымды қоса атқарғандар қандай ақы алады?

Жоғары лауазымды қоса атқарғандар қандай ақы алады?

Мектептегі есепші бас есепшіні ауыстыра ала ма? Ауыстырған жағдайда жалақы қалай төленеді? Мұның заңды негізі қандай? Жоқ әлде директордың қаулысы негізінде төлене бере ме?
Замира Ибрагимова,
Жамбыл облысы
Сарапшы мамандардың мәліме­ті­не қарағанда, азаматтық қызмет­ші­лерге еңбекақы төлеу жүйесі «Аза­­­мат­тық қызметшілерге, мемле­кет­тік бюджет қаражаты есебінен ұста­ла­тын ұйымдардың қызметкер­леріне, қазыналық кәсіпорындар­дың қыз­мет­керлеріне еңбекақы тө­леу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқ­сандағы №1400 қаулысымен (бұдан әрі – қаулы) реттеледі.
Қаулыға 19-қосымшада маман­дар­ға, қызметшілерге және жұмыс­шы­­ларға лауазымдарды қоса қызмет атқарғаны (қызметтер көрсету аясы кеңігені) үшін қызметкердің лауазым­дық жалақысынан 50%-ға дейінгі мөлшерде қосымша ақы белгілен­ген.
Көрсетілген қосымша ақы меке­ме­­лердің басшыларына, олардың орынба­сар­ларына қолданыл­майды және лауа­зымды қоса атқарған қызметкердің өз лауазымдық жалақысы­нан есептеледі.
Сонымен бірге аталған қосымшада уақытша болмаған қызметкердің міндет­терін орындағаны үшін қосымша ақы қарастырылған. Оның мөлшері жұмыстың нақты көлеміне қарай анықталады.
 Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 130-бабына сәйкес, қызметкер әртүрлi бiлiктiлiк жұмыстарын орындаған кезде оның еңбегiне неғұрлым жоғары бiлiктiлiк жұмысы бойынша ақы төле­недi.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста