Жоғары білімді мектеп лаборантына қай санат бойынша ақы төленеді?

Жоғары білімді мектеп лаборантына қай санат бойынша ақы төленеді?

Мен информатика кабинетінде лаборант болып жұмыс істеймін. Менің еңбек өтілім – 5 жыл, білімім жоғары, ІІ санатты маманмын. Жалақы есептеген кезде осы көрсеткіштер ескерілуі керек пе? Жалақы есептеу республиканың барлық аймағында бірдей ме?
Айгүл Ботаева,
Ақтөбе облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасының сарапшы мамандарының мәліметінше, Азаматтық қызметшілерге ең­бе­кақы төлеу жүйесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 «Азаматтық қызметшілерге, мемле­кеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйым­дардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қаулысымен  ( бұдан әрі – Қаулы ) реттеледі.
Қаулының 3-тармағына сәйкес, ұйым  қыз­меткерлерінің лауазымдық жалақылары (став­калары) (ЛЖ) атқаратын лауазымдары­ның лауазымдар санаттарына жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне, таға­йын­далған біліктілік разрядтарына (жұ­мыс­шылар үшін) қарай лауазымдық жалақы­ларын (ставкаларын) есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді Қазақстан Респу­бликасының Үкіметі белгілеген базалық лауа­зымдық жала­қының (БЛЖ) мөлшеріне көбейту жолы­мен айқындалады.
Қаулымен бекітілген азаматтық қызметші­лердің (білікті жұмысшыларды қоспағанда) санаттар бойынша лауазымдарының тізілі­міне сәйкес біліктілігі жоғары деңгейдегі лабо­­рантқа еңбекақы төлеу G-10 санаты бойын­ша жүргі­зі­леді.
Бүгінгі күнге БЛЖ мөлшері 13 613 теңгені құрай­ды.
Лауазымдық жалақыны есептеуде қол­да­нылатын коэффициенттер Қаулыға 2-қосым­ша­мен бекітілген.
Білім саласы қызметкерлерінің еңбек жағ­дайлары үшін төленетін қосымша ақы мен үсте­меақылар Қаулыға 4-қосымшада, ал са­на­ты үшін қосымша ақы 19-қосымшада қа­рас­тырыл­ған.
Аталған Қаулы министрліктің веб-сайты «Нормативтік-құқықтық база» айдарында орна­ласқан.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста