«Жоғалған телефондардың саны қанша? Қайда жоғалтады? Не үшін немесе оны табудың амалы бар ма?» деген сұрақтар төңірегінде Массагеттегі жастарға сараптама ұсынып отырмыз.
Күн сайын жер шарында құны 7 миллион АҚШ долларына тең келетін телефондар жоғалып отырады.
Жоғалған телефондардың 2/3-сі таңғы 9-бен түстен кейінгі 2-нің аралығында жоғалады екен.
Қалтафонды ең көп жоғалтатын ел: АҚШ
Көп жоғалатын бірінші орын: бассейн
Табылу салыстырмасы: 50-75% Бассейннің маңындағы ұрлық адамдар ойлағаннан да көп, әрі жиі.
Екінші орында: такси
Табылу салыстырмасы: 0-50%. Таксиде отырып ойын ойнайсыз, қоңырауларды қабылдайсыз, бірақ, межелі жерге жеткенде, дәл сол мезетте қалтафоныңыздың отырған орыныңызда қалып қоятыны өкінішті-ақ.
Үшінші орында: ұшақ
Табылу салыстырмасы: 0-15%. Ұшаққа мінгеннен кейін телефондар өшіріледі, көптеген адамдар оны сумкасына емес, орындықтың қалтасына салып қояды да, ұмыт қалдырады.
Төртінші орында: қоғамдық көліктер, метро
Табылу салыстырмасы 0-2%. Әрине, бұл жерде телефон ұрланады. Оның қалай ұрланғанын өзіңіз де байқамай қаласыз. Жоғалғанын байқаған сәтте телефоныңыз әлдеқашан өшірілген болып шығады. Бесінші орында: мектеп Табылу салыстырмасы: 15-75%
Сақтану жолдары:
Әлеуметтік орындарда жоғалтсаңыз, құлағыңызды радиохабарландыруға түре жүріңіз, бәлкім сіздің телефоныңыз табылған болар;
Қорғау кодтарын және орын белгілеу программаларын жүктеп алыңыз;
App қолданылмалы программалар жүйесінен Find My Phone деген бағдарламаны жүктеңіз немесе осы тектес ғаламтор жүйелеріне тіркеліңіз;
Lookout Mobile Security жүйесіне тіркеліңіз;
Жоғары технологиялармен жабдықталған телефондардың 54%-ы қорғау кодтарын қоймайды екен, бұл қатардан сіз де табылып жүрмеңіз.
Мейіржан Әуелхан