Жобалық қаржыландыру мемлекеттің және жекеменшіктің әріптестігі негізінде құрылған компанияға ғана тән тетік пе?
Еркін, кәсіпкер
Жобалық қаржыландыру – бұл бөлінген активтер деп аталатын, жобаны іске асырудан түсетін болашақ жүйелі ақша ағымдары бойынша талап ету құқықтарын беру нәтижесінде тартылған қаржыны өтеу және қайтарудың негізгі көзі болып табылатын ұзақ мерзімді жобаларды қаржыландыру әдісі. Жобалық қаржыландыру келісімдерін іске асыру үшін заң бойынша жеке арнайы қаржы компаниясы құрылады. Банк жобалық қаржыландыру мәмілелерін ұйымдастыру бойынша, атап айтқанда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберіндегі ірі инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша қызмет көрсетуді ұсынады.
Жобалық қаржыландырудың үлгілік сызбасы мынандай:
1.ҚР Үкіметі мен жекеменшік компаниялар басқа қаржы институттарымен бірлесіп акционерлік қоғам түріндегі жобалық компания құрады. ҚР заңнамасында жобалық компанияның тиімді қызметі үшін белгілі бір жеңілдіктер қарастырылған болуға тиіс (салықтық жеңілдіктер және т.б.). 2.Жобалық компания қажетті жабдықты және т.б. жеткізу үшін құрылыс пен жөндеу жұмыстары бойынша тендер өткізеді. Жобалық компания тиісті келісімшарттар мен шарттар жасасады. 3.Жобалық компания шетелдік банктер арасында қаржылық кеңесші және бүкіл жобаны қаржыландыруды ұйымдастырушыға тендер жариялайды, бұл ретте біздің еліміздің тарапынан Қазақстан Даму банкі шығады. Жобалық компания жобаны қаржыландыру үшін қарыз алуды ұйымдастыруға мандат береді. 4.Жобалық компания жоба бойынша құрылыс біткеннен кейін қызмет көрсетуге түрлі әлеуетті тұтынушылармен шарттар жасасады. Жобалық компания көрсетілген қызметтен түскен түсімдер шоғырландырылатын және міндеттемелерге қызмет көрсетілетін арнайы шот ашады. 5.Шетелдік банктер ҚДБ-мен бірлесіп қарыз алуды: қамтамасыз етілген еурооблигацияларды, кредиттік желілерді, бірлесіп қаржыландыруды жүзеге асырады. Жобалық компанияның шотына құрылыс пен жөндеу жұмыстары бойынша жұмыстарға төлеуге және жабдық және т.б. тартылған қаражат түседі. 6.Нысан пайдалануға берілгеннен кейін арнайы шотқа, тартылған қаражатқа қызмет көрсетуге жіберілетін қаражат қызметтерді тұтынушылардан түседі.
Жобалық қаржыландыру дегеніміз не?
Последние статьи автора