Қарым-қатынас көңілден шығатындай болу үшін жұмыс істеу керек. Ер азаматпен көңіл жарастырғанда өз-өзіңізді жоғалтпай, бақытты болу маңызды. Біз сіздерге жігітпен қарым-қатынас орнатудың қарапайым 13 ережесін ұсынбақпыз.
1. Өзіңізге күйеу табуға тырыспаңыз. Бірден дайын күйеу іздеудің қажеті жоқ. Жігіттің сізег сый-құрмет көрсетуіне, солайша өзін көрсетуіне мүмкіндік беріңіз. Бара-бара оның сізге өмірлік серік бола алатындығы немесе бола алмайтындығы байқалады.
2. Әйел некеде бақытты болуы үшін некелескенге дейін бақытты болуы керек.
3. Қыз жігітпен көңіл жарастырғанда өзін ештеңеге кінәлі сезінбеуі керек.
4. Қыздар өз қалауын әрдайым айтулары керек. Өз қалаулары орындалғанда ғана олар бақытты болады.
5. Жігіттің көңілінен шыға беруге тырысудың еш қажеті жоқ. Тек оны жетістіктері үшін үнемі мақтап отыру керек. Сол жеткілікті.
6. Ер адамның көрсеткен барлық сый-құрметін қабылдаған жөн.
7.Әйел әрдайым өз қалауын білуі, және өз-өзімен бола алуы керек.
8.Өткен сәтсіздіктерді саралай берудің қажеті жоқ. Тек қателіктен нәтиже шығару керек.
9. Қарым-қатынаста сабырлы болу керек.
10. Қарым-қатынаста белсенді болудың қажеті жоқ. .
11. Бақытты қарым-қатынас орнатуға тырысқан жөн. .
12. Жеке өмірді кейінге қалдыра беруге болмайды.
13. Құдаласқанға дейін қыздың үш жігіті болуы керек.