Жетігеншілер қайда жиналады?
Алдағы күндері Алматыда жетігеншілердің кеші өтеді деп естіп едім. Осыны нақтылап берсеңіздер.
Айзада Бақбергенқызы, Алматы облысы
Жетігеншілердің басын қосатын мәдени шара Алматы қаласындағы Ықылас атындағы Мемлекеттік ұлттық аспаптар мұражайында 30 мамыр күні сағат 19.00-де өтеді. Ол «Алматы – шабыт қайнары...» шарасы аясында «Сырлы сазды жетіген» атты музыкалық кеш түрінде ұйымдастырылмақ. Кештің басты мақсаты – көнеден келе жатқан қазақтың ұлттық музыкалық аспабы жетіген аспабын кеңінен насихаттап, төл дәстүріміздің дамуына үлес қосу. Музыкалық кешке Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұстазы, ғалым-зерттеуші Нұргүл Жақыпбек пен жас өнерпаздар Қорлан Картенбаева, Гүлжанат Күлжанова, Балжан Оспанова, Мөлдір Тұрсынқызы, Жадыра Мүсірепова, Серік Нұрмолдаев, Нұрболат Исаев, Әйгерім Дүкетбаева, Диляра Окманова сынды жас дарындар қатысады. Кеште халық әндері, қазақ және шетел сазгерлерінің күйлері мен авторлық шығармалар орындалады.
Бүл шараны Via Communications байланыс тобы, «Абай халықаралық клубы», Ықылас атындағы Мемлекеттік ұлттық аспаптар мұражайы бірлесіп ұйымдастырып отыр.