Қарақат пен Қорлан сынды өнерпаз апайларымды көріп, жетіген аспабына деген құштарлығым артып жүр. Осы аспаптың үні де ерекше, ал, жалпы, жетіген деген атауы қайдан шыққан?
Меруерт КЕҢЕС, Шымкент қаласы
Жетіген – қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан жеті ішекті музыкалық аспабы. Бұл аспап жайлы қазақтың ұлттық аспаптары жайлы кітаптар мен энциклопедиялардан мол мағлұмат алуға болады. Дегенмен біз сізге нақты жауап боларлық деректі https://caspionet.kz сайтынан дәл таптық. Үні өте нәзік, құлаққа жағымды бұл аспаптың шығу тарихы жайлы онда былай депті: «Ерте замандағы бір қарияның жеті баласына арнап шығарған әуенінен жетіген аспабы шыққан деседі. Жетігенге ұқсас аспаптар хакас, тува халықтарында: чадаган, чадхан деп те аталады. Бұл аспапты жасағанда шеберлер оның ағашына ерекше мән берген. Ертеректе көне жетігеннің ішектері қылдан жасалған. Бірақ оның ауқымы қысқа болғандықтан, дыбысы әлсіз шыққан. Ал аспапты күйге келтіру үшін тиек орнына асықты жылжытып отырған. Тұңғыш жасалған жетігеннің ұзындығы – 106 см, ал шанағының ені 25 см болған. Алғашында оның жеті ішегі болған, кейін оның жетілдірілген түрі 13 ішекке дейін көбейген.
Жеті ішегі болған соң жетіген деп атаған ба?
Последние статьи автора