Жеті атаның ұрпақ тағдырына әсері қандай?

Бұл фәнимен қоштасқан соң әруақ із-түссіз жоқ болып кетпейді. Олардың ұрпақтарымен ақпараттық, тектік байланысы үздіксіз жалғаса береді. Көне замандағы өркениеттердің көпшілігі өлілер жанымен байланыстың барына сенген. Үрім-бұтағы жеті атасынан бері қарғысқа ұшыраған деген сөздер бар.

Грек аңыздарында Танталдың жеті ұрпағы оған айтылған қарғысқа ұшыраған делінеді. Бала өлтіргені күнәсін солай арқалаған. Криминалист Чезаре Ломброзо тектік зерттеу жасаған. Қылмыс жасағандардың дені тегінде сондай ақпараттың жазылуынан осындай жолға түскенін дәлелдейді. Адамның дарыны мен кемшілігі тегінен берілетіні рас. Жұлдызнамашылар қарғыс арқалаған адамның тағдыры жұлдызнамаға сай болмайтынын айтады.

Геноскоп

Авестадағы жеті атаның ұрпаққа әсерін жұлдызнамашылар «геноскоп» деп атаған. Ол жеке бастың жұлдызнамасынан бөлектеу. Онда өмірлік жағдайлар мен бастан кешу басқа сипатпен суреттеледі. Егер адам өлі балық құсап ағыспен аға берсе, ескінің салған жолымен ағып өтеді. Жеке тұлға екенін сезініп, өмірі үшін, тағдыры үшін жауапкершілікті мойнына ала білген адам ғана құйтұрқы байланыстарды үзеді. Жаңа жолға түседі. Сол үшін биік белестерді бағындырады.

Адамның рухани тазалығы ғана геноскопта жазылған таңбаны өзгерте алады. Өз тағдырын басқа арнаға бұрады. Адамды карманың езгісінен босатады. Мұндай жағдай сирек кездеседі. Себебі, әр адам ата-бабасының жеті атадан бері беріліп келе жатқан тағдырын арқалап келе жатқанын аңғармайды. Тазаланған соң өзі жаңа ұрпақтың бабасы санатына енетінін де түсінбейді.

Көбіне адамдар осындай жеті атадан беріліп келе жатқан тағдырдың құрбаны болады. Өз өмірін емес, бабасының мойнында қалған қарызды өтеп жатқанын сезбейді.

Геноскопты анықтайтын бірнеше ереже бар:


1. Жұлдызнама әсер етпейтін адам (тіпті туған күні де адам болмысын айқындамаса, онда ол бөлек тағдыр иесі болғаны);

2. Бабалар тағдырын қайталау. Тектік аурулардың шығуы, психологиялық комплекстер, алдыңғы ұрпақтың кемшіліктерінің берілуі;

3. Бабаларының белгілерінің қайталануы (қал, мең);

4. Туған күнінің аталарының туған немесе өлген күніне сай келуі;

5. Баланың шала тууы, немесе күні асып кетуі;

6. Баланың тісінің ерте шығуы;

7. Түсінде бабаларын жиі көруі, байланысу.

Айтылған ережелердің бірнешеуі білінсе, онда бұл адамның жеке қалауы жеті атасынан бергі тағдырлардың жетегінде кетеді. Ол адамның дамуы бабалар қалауынан аса алмайды. Жеке дарынын көрсету қиындау болады. Мұндай кезде көпшілік сол бабаларға аманаттайды. Себебі, жеті ата тізбегінде жақсы адамдар жақсылыққа бастайды. Жамандары қиянатқа бастауы да мүмкін. Жеті атаның әрбірі жеті түрлі ғаламшармен байланыста болатындықтан олардың әсері әркелкі болады.

Жеті атаның ұрпағымен байланысы

Бұл байланыс туған күнге тікелей тәуелді. Себебі, ғаламшарлардың орыны тұрақсыз. Әр адамға 126 атасының қайсысы тікелей әсер ететінін жұлдызнамашылар айтып бере алады. Оны ғаламшарлар айқындайды. Осындай адамның жұлдызнамасын терең зерттейді. Сол арқылы оның бастаушы ғаламшарын табады. Ол үшін геноскоп бойынша бірінші ұрпақ Күнмен, екінші ұрпақ Аймен, Үшінші ұрпақ Меркуриймен, төртінші ұрпақ Шолпанмен, бесінші ұрпақ Марспен, алтыншы ұрпақ Юпитермен, жетінші ұрпақ Сатурнмен байланысқанын анықтау керек.


Осыны түбегейлі түсіндірсек:

№1 ұрпақ — біз өзіміз. Күнмен байланысты – ол ғаламшарлардың кіндігі. Қуат-күштің бастауы. Өмірдің символы. Бәрі бізден басталады. Геноскоптағы жеті сатылы пирамида әр адамның өзінен басталуы да осыдан.

№2 ұрпақ — әке-шешеміз. Олар жұп. Әкелер мен шешелер Жердің серігі Аймен байланысты. Көңіл-күйдің қалыптасуына зор үлес қосады. Түйсікпен, санамен, рефлексті түрде адамның көңілі Айға тәуелді. Оның қозғалысы, өзгерісіне бағынышты. Бала күнімізде берілетіннің бәрі: әдеттер, өмірді қабылдау, көңіл-күйді реттеу – бәрі үшін ата-анаға қарыздармыз. Жұлдызнамасында айдың әсері мол болса, ол адам есейгенде де бала сияқты қалып кетеді. Өкпешіл, ренжігіш, ерке. Аңғалдық пен инфантилизм ересек адамға тән болса, ата-анасының шектен тыс жақсы көріп, өбектеуінен. Екінші ұрпақтың сіздің тұлға болып қалыптасуыңызға қосар үлесі зор. Бала мен ата-ана арасындағы тектік байланыс бұзылса, ондай адам дарынды бола тұра өмірден өзін таба алмай қиналады. Рухтас адамдармен ашылып сөйлесу, дұрыс шешімге келе білу ананың ақ сүтімен беріледі, олай болмаса адамның ең алғашқы қадамымен қалыптасады. Оның бәрін ата-ана қалыптастырады.

№3 ұрпақ — ата-әжеміз. Олар төртеу. Бұл ұрпақ Меркуриймен байланысты. Кісімен араласу, сөйлесе білу, ақпарат алмасу, оқу сияқты дүниелер осы ұрпақтан беріледі. Ата-әжесінен адамдар ойлау қабілетін, айналаны тануды үйренеді, олардан берілген дарынын ұштайды, Мінез-құлықтың көп бөлігін осы адамдар береді. Арасында бір ұрпақ қалдырып барып тектік ақпарат айқын бола бастайды. Егер ата-әжесі ғылыммен шұғылданса, немересінің соған икемді болуы жиі кездеседі. Бірақ бұл қасиеттер өз баласына берілмейді. Талантты адамның баласы талантты болмайтынын өмірде көп көруге болады.

№ 4 ұрпақ — әкеміздің ата-әжесі. Олар 8 адам. Олар Шолпанның құзырында. Оның тұтас бір айналысы сегіз жылға тең. Жеті атаның тура ортасы. Олар тыныштық пен берекенің ұйытқысы саналады. Шолпанмен махаббат, өмірге ғашық болу, дүние-байлыққа мұқтаждық секілді құбылыстар сай. Маңдай термен тапқан дәулет мирасқорлықпен беріледі, соған ие болған ұрпақ оны еселеп, көбейтіп отыруы керек делінеді.

Егер төртінші атаңыз бай болса, онда бүгінгі ұрпағы қалайда байлыққа кенеледі. Ақша табу қабілеті зор болады. Егер шешесі жағынан біреудің ала жібін аттаған болса, ол күнә ұрпағына беріліп, оларға баюға жол ашылмайды.

№5 ұрпақ — атаңыздың аталары. Олар — 16 адам. Бұл ұрпаққа Марс сай келеді. Марсқа қарым-қабілет, ерік-жігер, мақсатқа жету, жеңе білу қасиеттері тән. Марс – әрекетке бастайды. Ерік-жігерсіз, қуатсыз, құмарлықсыз адам ештеңеге қол жеткізе алмайды. Марстың ұрпағынан әскери қасиеттер беріледі. Шешімталдық, әрекетшілдік беріледі. Қорқақтық, қатыгездік, мақсатсыз кекшілдік осы атасының күнәға батуынан беріледі.

№ 6 ұрпақ – бұлар — 32 адам. Алтыншы атамыз Юпитер ғаламшарымен байланысты. Юпитер – билік, рухани жетілу, әлемді тану, абырой ғаламшары. 32 деген сан тотем секілді. Адамның 32 тісі іспетті. Ерте түскен тістер осы атамызбен үзілген байланысты меңзейді. Жай ғана уақыт жетегіндегі байланыс үзілмеген. Біртұтас тарихи байланыс тоқтаған. Алтыншы ата арқылы ұлттық анықтауышпен байланыс тығыз болады. Алтыншы атада ұжымдық сипат кең қолданылады. Ұжымдық қуат мол. Дәстүр, ырым-тыйым, ақиқат білім мен таным осы алтыншы атамыздан беріледі.

№ 7 ұрпақ — соңғы ата. Мұнда 64 адам. Бүгінгі ұрпақтан ең алыста, олар Жерден алыс орналасқан Сатурн ғаламшарына тәуелді. Одан бөлек, Уран, Нептун, Плутон секілді ғаламшарлар да бар. Олар сәйкесінші 8-ші, 9-шы, 10-шы аталарымыздың рухына тән. Бұдан 200 жыл бұрын туған ата-бабасы туралы білу тек ақсүйектерге тән құбылыс. Бұл байланыс жеті атаның тығыз қарыс-қатынаста болатындығын білдіреді. Ол адам өмірінің өлшеуіші. Тағдырының қандай болатынын көрсетеді. Адамның шын мәніндегі мақсатын анықтайды. Жетінші баба – бәрінің бастауы.

Сонымен 7 ата (126 адам) адам өміріне былайынша әсер етеді:

1-ші ұрпақ – бұл біз, біздің «меніміз», санақтың басы. Күннің қуатымен күш жинайды.

2-ші ұрпақ – әке-шеше. Ай біздің ет жақындарымызды реттейді. Әлемді қалай тануымызға әсер етеді. Көңіл-күй, денсаулықты реттейді. Ары қарай жетілудің, өмірден өз орныңды табудың негізі. Жұлдызнамасында Ай көп әсер ететін адамдарға әсер тіпті көп.

3-ші ұрпақ – ата-әже. Қабылдау әсерін береді, ойлау мүмкіндігін, араласу қабылетін, бойдағы дарын мен сыйыса білуді дарытады.

4-ші ұрпақ – 8 адам. Біздің тағдырымыздағы махаббат пен сүйіспеншілік сценарийлерін жасайды. Үйлесімді өмір сүруді сіңіреді. Дәулетті өмір сүруімізді қамтамасыз етеді.

5-ші ұрпақ – 16 адам. Пассионарлық қабілеті зор болады. Әрекетшіл, өмірге құштарлық осы атадан беріледі. Өзгені жеңу, тізе бүктіру, ерік-жігерінің мықты болуы беріледі. Кері жағы – ашушаңдық, кекшілдік.

6-шы ұрпақ – 32 адам. Адам тағдырындағы салт-дәстүр, әдет-ғұрыппен байланысын, ырым-тыйымдарды, рухани ұстанымдарды текпен береді. Әлеуметтік мәртебе де осы атадан жетеді.

7-ші ұрпақ – 64 адам. Осы ата тағдырда кездесетін қиындық, сынақты жеткізуші. Адамның өз тағдырын жасауына белгі береді.

 

Қызықты жайт:

Әке-шешесіне келбеті қатты ұқсайтын балалар – егер бала әкесіне тартса, ол өз тегімен тығыз байланысты. Анасына тартса, байланысы әлсіздеу. Текпен берілетін көп кінәраттан азат болғаны, таңдау жасауда еркін.

Жеті атаңды тану тек құда түсуге ғана мұқтаждық болмасын. Тарих деп қана қарамаңыз. Текті тану бүгінді өткен мен ертеңнің қасіретінен сақтайды.

Жеті ата туралы терең білу – әр адамның парызы. Өз жолын жүріп өткісі келетін тағдыр иелерінің таңдауы. Жеті атаның басынан кешкен оқиғалары, бойында болған жағымды қабілеттер әрбір ұрпаққа үлгі бола алады. Шешілмеген түйткілдер, кінә, күнә жасалған болса, соны реттеу бүгінгі ұрпақтың міндеті. Оны тек тегін тани отырып істей алатынын түсіндіру шарт емес шығар. Өз тегіңізді жағымсыз тағдыр сыйынан сақтағыңыз келсе, өзіңіздің кім екеніңізді, кімнен тарағаныңызды біліп жүріңіз.

Аударған Шынар Әбілдә

qamshy.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста