Жер телімі мәртебесіне қатысты құқықты қалай айыруға болады?
Қала сыртынан жер телімін алайын деген едім. Жеке қосалқы шаруашылық (ЛПХ) және жеке тұрғын үй құрылысы (ИЖС) мақсатындағы жер телімдерінің айырмасы қандай? Бастапқысы жалға алу болып табыла ма, ол меншікке өтпей ме?
Керім, Алматы қаласы
Аты айтып тұрғандай жеке қосалқы шаруашылық баспанамен қатар, бау-бақша өсіруге, мал бағуға құқық береді. Жер теліміне ойыңызда бар құрылысты шартта көрсетілген мерзім (5 жыл) ішінде орнатып болған соң, оны жергілікті әкімшілік бойынша заңдастырасыз, яғни сол кезде ол меншігіңізге өтеді. Ал белгіленген уақытта ешқандай іс-қимыл жасамасаңыз, жер телімін мемлекет кері қайтарып алуға құқығы бар.
Сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылық жері екі категорияға бөлінеді: ауыл ішіндегі жер телімі және ауылдан жырақтағы жер телімі. Осының соңғысына салынған кез келген құрылыс нысаны заңсыз болып табылады. Ал бастапқысының жеке тұрғын үй құрылысы мақсатындағы жер телімінен қатты айырмасы жоқ. Инфрақұрылым, негізінен, жеке тұрғын үй құрылысы мақсатындағы жер телімдеріне тезірек жеткізіледі. Бұл арада шаруа қожалығы (КХ) мақсатындағы жер телімдері ұзақ мерзімге жалға берілуші болып табылады.