Жент — бүгінге дейін қадірін жоймаған тағам

Биылғы құрбан айт кезінде айттап жүріп, бір үйден женттен ауыз тидік. Дәмі тіл үйіреді екен. Бірақ дайындау тәсілін үй иесінен сұраудың ретін таппадым. Сіздер не айтасыздар?
Майра МАНАТОВА,
Алматы
Женттің дәмі тіл үйіретіні рас. Жент — ертеден келе жатқан және қазірге дейін құнын жоймаған тағам. Ол қыста қатпайды, жазда бұзылмайды, оның дәмі мен нәрі сол күйінде сақталады. Жентті жасау әдісі өте қарапайым. Ол үшін ең негізігі қажетті өнім — сөк. Сөкті бұрын диірменге тартып немесе келімен түйетін, болмаса кофе үккіш­пен үге­тін. Қазір техниканың дамуы­мен ол проблема шешілген. Женттің май­жент, қазыжент, сүт­жент деген түрлері бар. Жармаға сары май, құмшекер, ірімшіктің ұнтағы, мейіз қосып, әбден аралас­тырып, бетін тегістеп салқын жер­ге қою керек. Құрамы: бес кесе сөк жар­масы, үш кесе ірімшік ұнтағы, екі кесе құм­ше­кер, екі кесе сары май, бір кесе мейіз. Ірімшік болмаса үгітілген печенье қосуға болады. Қазы­жент­тің құрамы: үш кесе сөк, екі кесе ірім­шік ұнтағы, екі кесе майдалап турал­ған қазының майы және бір кесе құм­шекер. Сүт­женттің құрамы: бір кесе сүтке бөк­ті­ріл­ген бір кесе сөк, үш ас қасық сары май, үш ас қасық мейіз, үш ас қасық кепкен нан ұнтағы немесе печенье, үш ас қасық қаймақ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста