Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті жеке күтуші тағайындалуына байланысты І топ мүгедегіне үйде қызмет көрсетудің жеке оңалту бағдарламасын әртүрлі сылтаумен бермей отыр. Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес, мұндай көмек міндетті түрде берілуі керек пе?
Сәдуақас САРЫМСАҚОВ, Оңтүстік Қазақстан облысы
Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті маманының мәліметіне қарағанда, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес, жүріп-тұруы қиын І топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтері медициналық-әлеуметтік сараптау бөлімі әзірлеген медициналық көрсетімдеріне сәйкес мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде көрсетіледі.
Қызмет алушыларды оларға бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін үйде қызмет көрсету ұйымына жіберуді қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалардың уәкілетті органдары жүзеге асырады.
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету кезінде қызмет алушының жасы мен денсаулығының жай-күйі, оңалтудың жеке бағдарламасының мазмұны, қозғалыс белсенділігінің төмендеу дәрежесі, тұру жағдайы және басқа да объективті факторлар ескеріледі.
Осыған орай I топтағы мүгедектерге жеке көмекші қызметін көрсету тәртібі жергілікті өкілетті органдармен атқарылады.
Жеке оңалту бағдарламасы бойынша І топ мүгедегіне үйде көмек көрсетіле ме?
Последние статьи автора