Редакция қызметкерлері мақала дайындау мақсатында кейбір фактілерді нақтылау қажеттілігімен жеке азаматтың туу туралы куәлігінің көшірмесін хат жолдау арқылы сұратуға құқы бар ма?
Мейірбек МӘТЕНОВ, Жамбыл облысына қарасты Жуалы аудандық «Жаңа өмір» газетінің бас редакторы
Бұл сауалға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы № 300 «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес, Әділет министрлігі бақылау және қадағалау қызметкерлері жауап береді. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 53-бабына сәйкес, жеке өмір, жеке және отбасылық құпия заңмен қорғалады. Азаматтық хал-актілерін мемлекеттік тіркеуде жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар, сондай-ақ жеке өмірі туралы хабардар болғандар жеке бас және отбасылық құпияны сақтауға міндетті. Азаматтардың жеке және отбасылық өмірі туралы мәліметтерді жария ету Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілікті жүктейді. Жеке азаматтардың отбасылық құпияларын еркінен тыс талап етуге болмайды.
Жеке бас және отбасылық құпия заңмен қорғалады
Последние статьи автора