Мен 37 жыл мектепте мұғалімдік қызмет атқардым. Өткен жылдың қараша айында жасым жетіп, зейнетке шықтым. Алайда зейнетке шықсам да, жұмыс істеп жүрмін. Енді басшылық мені үш-төрт айдан кейін жұмыстан шығармақшы. Осы қаншалықты заңды? Зейнет жасынан соң, адам жұмыс жасай беруге құқылы ма? Жалпы, зейнеттен кейін неше жыл жұмыс істеуге болады?
Айсара АСЫЛБЕКОВА, Алматы қаласы
Алматы қалалық Білім департаменті мамандарының айтуынша, 2007 жылы 15 мамырда енгізілген Еңбек кодексінің 24-бабына сәйкес, зейнеткерлік жасқа жеткен қызметкерлермен еңбек келісімшарты тоқтатылады екен. Егер мекеме басшысы ол қызметкерді кәсіби талабы жоғары деп санаса, оны бір жыл мерзімге жұмыс орнында қалдыра алады. Демек, зейнеткерлікке шыққаннан кейін бір жылға қалдыру-қалдырмауы сол мекеменің басшысына байланысты.
Зейнеттен кейін де жұмыс істеуге бола ма?
Последние статьи автора