Әлеуметтік желілерде және басқа да көздерде таратылып жүрген зейнеткерлерге зейнетақы жинағының 50% алуға болатыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл жөнінде Zakon.kz тілшісі "БЖЗҚ" АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды.
БЖЗҚ мамандарының мәлімдеуінше, зейнеткерлер міндетті зейнетақы жарнасын тұрғын үй жағдайларын жақсарту және емделуге ақы төлеу мақсатында ғана ала алады. Бұл жағдайда бірқатар шарт орындалуы керек.
"Зейнетақы мөлшері алушының орташа айлық табысын Қазақстан Республикасының үкіметі айқындаған тәртіппен белгіленген 40 пайыздан төмен емес деңгейде алмастыру коэффициентін қамтамасыз етуі керек. Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемі уәкілетті оператордан алғашқы электрондық хабарламаны алған күні салымшының МЗЖ және МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары мөлшерінің 50 пайызынан аспауға тиіс» - деп мәлімдеді "БЖЗҚ" АҚ баспасөз қызметі
Осыған байланысты БЖЗҚ халықты әлеуметтік желілерде және басқа да көздерде таратылып жүрген, жинақтардың 50% алу мүмкіндігі туралы жалған хабарламаларды елемеуге шақырды.